«Түркістан тоқыма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне газ құбыры желілерін орналастыру үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 қазан 2025 ж.

    «Түркістан тоқыма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне газ құбыры желілерін орналастыру үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына сәйкес Отырар ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕМІН:

    1. «Түркістан тоқыма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне газ құбырының желілерін орналастыру үшін осы шешімнің қосымшасына сәйкес жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелерінде 48 (қырық сегіз) жыл 11 (он бір) ай мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы шешім қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

    2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны ауыл округі әкімінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман жер инспекторы Т.Тастанбековке жүктелсін.

    4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Ауыл әкімі

    Б.Төлбасы

    Отырар ауыл округі әкімінің

    20___жылғы «______»_____

    №____ шешіміне қосымша

    Түркістан облысы Отырар ауданы Отырар ауыл округі М.Шойманов ауылы аумағында орналасқан «Түркістан тоқыма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне газ құбырының желілерін орналастыру үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

    № қ/с
    Ка­дастр­лық нө­мі­рі
    Жер­дің мен­шік ие­сі неме­се жер пай­да­ла­ну­шы
    Жер те­лі­мі­нің мақ­са­ты
    Жер­ге құқық тү­рі
    Жер кө­ле­мі (га)
    Газ құ­бы­ры құ­ры­лы­сы­на кі­ре­тін жер кө­ле­мі (га)
    1
    19294004369
    Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауыл округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
    №1 көше
    Тұрақты жер пайдалану
    0,7000
    0,1974
    2
    19294004027
    Акинбеков Кауымбай
    Жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін
    жеке меншік
    0,1406
    0,0267
    3
    19294004184
    Дуйсебаева Тынышкул
    жеке қосалқы шаруашылықты және қолданыстағы тұрғын үйді жүргізу үшін
    жеке меншік
    0,2496
    0,0170
    Сәйкестендіру құжаты рәсімделген жер пайдаланушылар жер телімдері, (га)
    0,2411
    Сәйкестендіру құжаты рәсімделмеген елді мекен жерінен жер көлемі, (га)
    1,9222

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.