Индер ауданының салық салу объектісінің елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 қазан 2025 ж.

    Индер ауданының салық салу объектісінің елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы (Салық кодексі) Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 тіркелген) сәйкес, Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Индер ауданының салық салу объектісінің елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері (К айм) бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

    Аудан әкімі

    С. Нсанбаев

    Индер ауданы

    әкімдігінің 2025 жылғы

    «30» қазандағы № 207

    қаулысына қосымша

    Индер ауданының салық салу объектісінің елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

    Елді мекеннің атауы
    Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері
    Аймақ коэффициенті
    1
    Индербор кенті
    І аймақ
    1,95
    ІІ аймақ
    1,65
    ІІІ аймақ
    1,65
    IV аймақ
    1,65
    V аймақ
    1,5
    2
    Бөдене ауылдық округі
    Бөдене ауылы І аймақ
    1,45
    3
    Жарсуат ауылдық округі
    Жарсуат ауылы І аймақ
    1,45
    Құрылыс ауылы І аймақ
    0,15
    Қызылжар ауылы І аймақ
    0,10
    Кетебай ауылы І аймақ
    0,10
    4
    Елтай ауылдық округі
    Елтай ауылы І аймақ
    1,45
    Аққала ауылы І аймақ
    0,15
    5
    Есбол ауылдық округі
    Есбол ауылы І аймақ
    1,45
    Ынтымақ ауылыІаймақ
    0,15
    6
    Өрлік ауылдық округі
    Өрлік ауылы І аймақ
    1,45
    7
    Көктоғай ауылдық округі
    Көктоғай ауылы І аймақ
    1,45

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.