Жер учаскесіне қоғамдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 қазан 2025 ж.

    Жер учаскесіне қоғамдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабы, 69-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 6) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. «Uplink» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Рудный қаласы, Қашар кентіндегі жалпы ауданы 3,3020 гектар жер учаскесіне жобалау және талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) тарту мақсатында қоғамдық сервитут орнатылсын.

    2. «Қашар кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін «Қашар кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы шешім оның бірінші рет жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

    М. Раймбекова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.