Атамекен ауылдық округі Атамекен ауылының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4)-тармақшасына сәйкес, тиісті аумақтық халқының пікірін ескере отырып, 2025 жылғы 15 тамыздағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Панфилов ауданы Атамекен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атамекен ауылдық округі Атамекен ауылының құрамдас бөліктеріне келесі атаулар берілсін:
1) Атауы жоқ көше – «Бағашар Қарашев көшесі»;
2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі
Ғ. Карбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.