«Қарағанды облысының су қорғау аймақтары мен белдеулері және олардың шаруашылықта пайдалану тәртібін белгілеу туралы»

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 қазан 2025 ж.

    «Қарағанды облысының су қорғау аймақтары мен белдеулері және олардың шаруашылықта пайдалану тәртібін белгілеу туралы»

    Қазақстан Республикасының Су кодексінің 27, 85, 86-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының 1-қосымшасы на сәйкес, Қарағанды облысының су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.

    2. Осы қаулының 2-қосымшасы на сәйкес, Қарағанды облысының су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану тәртібі белгіленсін.

    3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қарағанды облысының әкімі

    Е. Бөлекпаев

    Қарағанды облысы әкімдігінің

    2025 жылғы15 қазандағы

    № 60/02 қаулысына 1-қосымша

    Қарағанды облысының су қорғау аймақтары мен белдеулері

    Су объектісінің атауы
    Орналасқан жері
    Су қорғау аймағының ені (метр)
    Су қорғау белдеуінің ені (метр)
    Қарағанды қаласы
    1
    Кіші Бұқпа өзені
    Қарағанды қаласы
    75-500
    35-100
    2
    Үлкен Бұқпа өзені
    Қарағанды қаласы
    500
    35-100
    3
    Солонка өзені
    Қарағанды қаласы
    300-500
    50-100
    4
    Веснянка өзені
    Қарағанды қаласы
    500
    35-100
    5
    Көкпекті өзені
    Қарағанды қаласы
    500
    35-75
    6
    Узенка өзені
    Қарағанды қаласы
    500
    35-100
    7
    Ащилыайрық өзені
    Қарағанды қаласы
    500
    35-100
    8
    Федоров су қоймасы
    Қарағанды қаласы
    70-430
    35-100
    9
    Соқыр өзені
    Қарағанды қаласы
    500
    35
    Балқаш қаласы
    10
    Балқаш көлі (су қорғау аймағы мен жолағының ішкі шекарасы 342,0 метр таңбаланудағы су қиылысында қабылданады)
    Балқаш қаласы
    500-3170
    35-100
    Приозерск қаласы
    11
    Балқаш көлі (су қорғау аймағы мен жолағының ішкі шекарасы 342,0 метр таңбаланудағы су қиылысында қабылданады)
    Приозерск қаласы
    500-3170
    35-100
    Саран қаласы
    12
    Саран су қоймасы
    Саран қаласы, Карагандинка өзеніңде
    500
    35-100
    13
    Соқыр өзені
    Саран қаласы
    500
    35
    14
    Қарағанды өзені
    Саран қаласы
    500-1000
    55-75
    Шахтинск қаласы
    15
    Тентек өзені
    Шахтинск қаласы
    500
    35-50
    16
    Соқыр өзені
    Шахтинск қаласы
    500
    35
    17
    Шерубай-Нұра өзені
    Шахтинск қаласы
    500
    35
    Теміртау қаласы
    18
    Нұра өзені
    Теміртау қаласы
    80-1000
    35-100
    19
    Самарқанд су қоймасы
    Теміртау қаласы
    300-500
    35-100
    Абай ауданы
    20
    Тентек өзені
    Абай ауданы
    500
    35-50
    21
    Сасықкөл көлі
    Абай ауданы, Шахтинск қаласының оңтүстік-батысқа қарай 8 километр
    500
    35-100
    22
    Шерубай-Нұра су қоймасы
    Абай ауданы, Топар кентінің оңтүстік-батысқа қарай 3 километр жерде, Шерубайнұра өзенінде
    500
    35-100
    23
    Топар өзені
    Абай ауданы
    500
    35-50
    24
    Сулу өзені
    Абай ауданы
    500
    50
    25
    Есен өзені
    Абай ауданы
    500
    35-75
    26
    Нұра өзені
    Абай ауданы
    80-1000
    35-100
    27
    Шерубай-Нұра өзені
    Абай ауданы
    500
    35
    28
    Ынтымақ су қоймасы
    Абай ауданы
    1000
    55-100
    Ақтоғай ауданы
    29
    Балқаш көлі (су қорғау аймағы мен жолағының ішкі шекарасы 342,0 метр таңбаланудағы су қиылысында қабылданады)
    Ақтоғай ауданы
    500-3170
    35-100
    30
    Зеленый аралы орналасқан шегінде Балқаш көлі (су қорғау аймағы мен белдеуінің ішкі шекарасы балтық жүйесінің 342,0 метр белгісіндегі су кемері бойынша қабылданған)
    Ақтоғай ауданы
    500
    35
    31
    Тоқырау өзені (су қорғау аймағы мен жолағының ішкі шекарасы суару кезеніндегі орташа көпжылдық межендік дәрежедегі су қиылысында қабылданады)
    Ақтоғай ауданы
    500-3500
    55-100
    32
    Қусақ өзені
    Ақтоғай ауданы
    500
    35
    33
    Жәмші өзені
    Ақтоғай ауданы
    500-1300
    55-100
    34
    Қараменды өзені
    Ақтоғай ауданы
    500
    35-50
    35
    Мойынты өзені
    Ақтоғай ауданы
    500
    55-100
    36
    Ақтайлақ өзені
    Ақтоғай ауданы
    500
    35-36
    37
    Қаршығалы өзені
    Ақтоғай ауданы
    500
    35-36
    38
    Шерубай-Нұра өзені
    Ақтоғай ауданы
    500
    35
    Бұқар-Жырау ауданы
    39
    Шідерті өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    100
    40
    Шайлы өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    55-100
    41
    Көкпекті өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    35-75
    42
    Узенка өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    35-100
    43
    Ащилыайрық өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    35-100
    44
    Ошағанды өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    35-75
    45
    Көкпекті су қоймасы
    Бұқар-Жырау ауданы, Көкпекті ауылынан шығысқа қарай 2 километр жерде, Көкпекті өзенінде
    500
    35-50
    46
    Ащысу су қоймасы
    Бұқар-Жырау ауданы, Қарағанды қаласынан солтүстік-шығыс бағытта 90 километр жерде
    500
    35-75
    47
    Баймырза өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    55-100
    48
    Шоқай өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    55-100
    49
    Ащысу өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    35-75
    50
    Шоқай су қоймасы
    Бұқар-Жырау ауданы, Баймырза селосынан солтүстікке қарай 0,5 километр жерде
    500
    100
    51
    Өткелсіз өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    55-100
    52
    Қарасу (Жартас) өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    35-75
    53
    Теректы өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    35-75
    54
    Алтынсу өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    35-75
    55
    Аделсу өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    35-75
    56
    Нұра өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    80-1000
    35-100
    57
    Соқыр өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    35
    58
    Шерубай-Нұра өзені
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    35
    59
    Ынтымақ су қоймасы
    Бұқар-Жырау ауданы
    1000
    55-100
    60
    Ботақара Су Қоймасы
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    35-40
    61
    Буденов су қоймасы
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    35-100
    62
    Чкалов су қоймасы
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    55-75
    63
    Шалқаркөл көлі, Семізбұғы
    Бұқар-Жырау ауданы
    500
    35-100
    Қарқаралы ауданы
    64
    Қарасор көлі
    Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 километр жерде
    500
    35-50
    65
    Талды өзені
    Қарқаралы ауданы
    500
    35-100
    66
    Балықтыкөл көлі
    Қарқаралы ауданы, Қоянды кентінең оңтүстік-шығысына қарай
    500
    35-75
    67
    Жарлы өзені
    Қарқаралы ауданы
    500
    75-100
    68
    Матақ өзені
    Қарқаралы ауданы
    500
    50-75
    69
    Каркаралинка өзені
    Қарқаралы ауданы
    500
    35-100
    70
    Тұндық өзені
    Қарқаралы ауданы
    500
    35-75
    71
    Аделсу өзені
    Қарқаралы ауданы
    500
    35-75
    72
    Үлкен Қарқаралы көлі
    Қарқаралы ауданы
    500
    35-100
    73
    Нұра өзені
    80-1000
    35-100
    Нұра ауданы
    74
    Балықты көлі
    Нұра ауданы
    500
    35-50
    75
    Бикеш өзені
    Нұра ауданы
    500
    100
    76
    Сарыозек өзені
    Нұра ауданы
    500
    35-50
    77
    Ащилы өзені
    Нұра ауданы
    500
    35-50
    78
    Қыпшақ өзені
    Нұра ауданы
    500
    35-50
    79
    Керей өзені
    Нұра ауданы
    500
    35-50
    80
    Кон өзені
    Нұра ауданы
    500
    75-100
    81
    Жаманқон өзені
    Нұра ауданы
    500
    75-100
    82
    Жақсықон өзені
    Нұра ауданы
    500
    75-100
    83
    Соналы өзені
    Нұра ауданы
    500
    75-100
    84
    Құланотпес өзені
    Нұра ауданы
    500
    55-100
    85
    ҮлкенКұндұзды өзені
    Нұра ауданы
    500
    35-100
    Осакаров ауданы
    86
    Шідерті өзені
    Осакаров ауданы
    500
    100
    87
    Ошағанды өзені
    Осакаров ауданы
    500
    35-75
    88
    Бикеш өзені
    Осакаров ауданы
    500
    100
    89
    Баймырза өзені
    Осакаров ауданы
    500
    55-100
    90
    Қарғалы өзені
    Осакаров ауданы
    500
    50
    91
    Тоқсымақ көлі
    Осакаров ауданы, Озерный ауылдық округінің солтүстік-батысына қарай 10 километр жерде
    500
    35-100
    92
    Есіл су қоймасы
    Осакаров ауданы, Есіл өзенінен 40 километр жерде
    500
    35-100
    93
    Есіл өзені
    Осакаров ауданы
    500
    35-75
    94
    Шоқай өзені
    Осакаров ауданы
    500
    55-100
    95
    Оленты өзені
    Осакаров ауданы
    500
    75-100
    96
    Ақбастау өзені
    Осакаров ауданы
    500
    35-55
    97
    ҮлкенКұндұзды өзені
    Осакаров ауданы
    500
    35-100
    98
    Коммунар су қоймасы
    Осакаров ауданы
    500
    35-70
    99
    Ошағанды су қоймасы
    Осакаров ауданы
    500
    100
    100
    Комсомол су қоймасы
    Осакаров ауданы
    500
    35
    Шет ауданы
    101
    Тұматай өзенінің учаскесі
    Шет ауданы
    500
    35
    102
    Краснополянский су қоймасы
    Шет ауданы, Қарағанды қаласынан оңтүстікке қарай 70 километр жерде
    500
    35-100
    103
    Сарыбұлақ өзені
    Шет ауданы
    500
    100
    104
    Шажағай өзені
    Шет ауданы
    500
    100
    105
    Жәмші өзені
    Шет ауданы
    500-1300
    55-100
    106
    Талдыманака өзені
    Шет ауданы
    500
    50
    107
    Курманака өзені
    Шет ауданы
    500
    50
    108
    Талдыэспе өзені
    Шет ауданы
    500
    50
    109
    Сулу өзені
    Шет ауданы
    500
    50
    110
    Мойынты өзені
    Шет ауданы
    500
    55-100
    111
    Есен өзені
    Шет ауданы
    500
    35-75
    112
    Апарсу өзені
    Шет ауданы, «Солтүстік Қатпар» кен орнының жоспарланған қызметінің іргелес учаскесі
    500
    35
    113
    Шерубай-Нұра өзені
    Шет ауданы
    500
    55-75
    114
    Қызылтау су қоймасы
    Шет ауданы
    500
    55-75
    115
    Жақсысарысу өзені
    Шет ауданы
    500
    35-50
    116
    Жамансарысу өзені
    Шет ауданы
    500
    35-50

    Қарағанды облысы әкімдігінің

    2025 жылғы 15 қазандағы

    № 60/02 қаулысына 2-қосымша

    Қарағанды облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін шаруашылықта пайдалану тәртібі

    1. Жерүсті су объектілерінде:

    1) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын және оларды алуды, Каспий теңізінің қазақстандық секторында көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды, сондай-ақ кен іздеушілікті, ас тұзын, емдік балшықтар өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге;

    2) радиоактивті және улы заттармен, тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтармен, улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, қатты және сұйық түрдегі мұнай, химия өнімдерімен ластауға және қоқыстауға;

    3) жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды ағызуға;

    4) бекітілген су режимінсіз және арнаулы су пайдалануға рұқсатсыз суды алуға және (немесе) пайдалануға;

    5) ауыл шаруашылығы жануарларын тоғытуға және санитариялық өңдеуге;

    6) бассейндік су инспекциясының келісімінсіз құрылыс қызметіне, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға байланысты жұмыстарды және өзге де жұмыстарды жүргізуге;

    7) пайдаланудан шығарылған (бүлінген) кемелерді және өзге де жүзу құралдарын, көлік құралдарын (олардың тетіктері мен бөліктерін) көмуге тыйым салынады.

    2. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар:

    1) мыналарды:

    су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникацияларын;

    көпірлерді, көпір құрылысжайларын;

    айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін;

    балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды;

    ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды;

    су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;

    2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;

    3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында рұқсат етілген қызмет кірмейді.

    3. Су қорғау аймақтары шегінде:

    1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

    2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;

    3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;

    4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;

    5) зираттарды орналастыруға;

    6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;

    7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.

    Қарағанды облысы әкімдігінің

    2025 жылғы 15 қазандағы

    № 60/02 қаулысына 3-қосымша

    Қарағанды облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі

    1. Қарағанды облысының әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 60/03 «Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылыққа пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 6666-09 болып тіркелген).

    2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/06 «Қарағанды облысының әкімшілік шекарасындағы Нұра өзенінде, Қарағанды облысының Шерубай-Нұра, Сарысу, Соқыр, Карагандинка өзендерінде, Көпкөл, Барақкөл, Ащыкөл көлдерінде, Федоров, Самарқант, Ынтымақ, Жартас Cу қоймаларында су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 1913 болып тіркелген).

    3. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/02 «Қарағанды облысының Қон, Жаманқон, Жақсықон, Үлкенқұндызды, Соналы, Құланөтпес, Жақсысарысу, Жамансарысу өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 1909 болып тіркелген).

    4. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 61/05 «Қарағанды облысының Ботақара, Буденов, Ошағанды, Чкалов, Ақтасты, Бидаиқ, Қылыш, Коммунар, Комсомол және Қызылтау су қоймаларында су қорғау аймақтары, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 2876 болып тіркелген).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.