Алматы облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 қазан 2025 ж.

    Алматы облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Алматы облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

    1) «Алматы облысында ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 мамырдағы № 2-16 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3891 болып тіркелген);

    2) «Алматы облысының жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-176 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4782 болып тіркелген).

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    К. Байгоджаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.