Қарқара ауылдық округінің Қарқара ауылының кейбір атауы жоқ көшелеріне атаулар беру туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қарқара ауылдық округінің Қарқара ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2025 жылғы 11 маусымдағы қорытындысының негізінде ШЕШТІМ:
1. Қарқара ауылдық округінің Қарқара ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
атауы жоқ көшесіне – "Қайыров Әжі" көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі
Е.А.Сабырбеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.