Үшарал ауылдық округі Үшарал ауылының құрамдас бөлігіне атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 қазан 2025 ж.

    Үшарал ауылдық округі Үшарал ауылының құрамдас бөлігіне атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 - бабы 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақтық халқының пікірін ескере отырып, 2025 жылғы 15 тамыздағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Панфилов ауданы Үшарал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Үшарал ауылдық округі Үшарал ауылының құрамдас бөлігіне келесі атау берілсін:

    1) Атауы жоқ көше – «Шаяхмет Айдарханов көшесі»;

    2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Округ әкімі

    Қ.Қоспағаров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.