Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік кірістер органына ұсынатын мәліметтер нысанын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 қазан 2025 ж.

    Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік кірістер органына ұсынатын мәліметтер нысанын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 56-бабының 8-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік кірістер органына ұсынатын мәліметтер нысаны бекітілсін.

    2. Мыналардың:

    1) «Мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді беру қағидаларын, мерзімдері мен нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 221 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілер тізімінде № 16491 болып тіркелген);

    2) ««Мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді беру қағидаларын, мерзімдері мен нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 221 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 1387 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілер тізімінде № 19775 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан күннен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    М. Такиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау және

    реформалар агенттігінің

    Ұлттық статистика бюросы

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 28 қазандағы

    № 632 Бұйрыққа қосымша

    Әкімшілік деректерді

    жинауға арналған нысан

    Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік кірістер органына ұсынатын мәліметтер

    Ұсынылады: мемлекеттік кірістер органына.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.kgd.gov.kz интернет – ресурста орналастырылған.

    Әкімшілік нысанның атауы: Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік кірістер органына ұсынатын мәліметтер.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі ТМ1.

    Кезеңділігі: мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы бойынша.

    Есепті кезең: 20 ___жылғы «___» ________

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: сұрау салуды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.

    Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі: __________________.

    Жинау әдісі: электронды түрде және (немесе) қағаз жеткізгіште.

    Негіздеме: мемлекеттік кірістер органының 20__ жылғы «____» ___________ №_____ сұрауы бойынша

    Салық төлеушінің (салық агентінің) атауы ______________________________

    ________________________________________________________________________

    Жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі __________________

    ________________________________________________________________________

    Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушіге жеткізілген тауарлар бойынша мәліметтер
    20__ жылғы «____» ________ бастап 20__ жылғы «____» ________ кезең үшін
    Жеткізушінің атауы    
     Жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі
    Жеткізушінің резиденттігі
    Шарт нөмірі
    Шарт күні
    Тауардың атауы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    Барлық құны :
    кестенің жалғасы
    Өлшем бірлігі
    Саны
    Валюта коды
    Тауар құны (теңге)
    Тауардың жалпы құны (теңге)
    Қызмет құны (теңге)
    Жеткізу күні
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    кестенің жалғасы
    Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушіге жеткізілген тауарлар бойынша мәліметтер
    20__ жылғы «____» ________ бастап 20__ жылғы «____» ________ кезең үшін
    Тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлға мен сатушы арасында жасалған шарттың нөмірі
    Тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлға мен сатушы арасында жасалған шарттың күні
    Сатып алушының жеке сәйкестендіру нөмірі
    Сатып алушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
    Жеткі зу күні
    Саны
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    Барлық саны:
    кестенің жалғасы
    Орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін төлем туралы мәліметтер
    20__ жылғы «____» ________ бастап 20__ жылғы «____» ________ кезең үшін
    Төлем құжатының түрі    
    Төлем құжатының күні    
    Төлем құжатының нөмірі    
    Сомасы 
       Ескертпе
    21
    22
    23
    24
    25
    Барлық сомасы:
    кестенің жалғасы
    Қосымша мәліметтер (өзара талаптарды өтеу, тауар алмасу және өзге де ақшасыз операция, бартер, өтеусіз беру)
    20__ жылғы «____» ________ бастап 20__ жылғы «____» ________ кезең үшін
    Операция ның атауы    
    Мазмұ ны
    Құжат нөмірі    
    Құжат күні    
    Операция сома сы    
    Бухгалтерлік есепке алуда көрсетілді (Иә/Жоқ)    
    Салықтық есептілікте көрсетілді (Иә/Жоқ)    
    Қосылған құн салығы бойынша декларация да көрсетілді (кезең)
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    32
    33
    Барлығы:
    кестенің жалғасы
    Алушы мен жеткізуші арасындағы берешек бойынша мәліметтер (кредиторлық және дебиторлық)
    20__ жылғы «____» ________ бастап 20__ жылғы «____» ________ кезең үшін
    Салықтық кезең басындағы күн    
    Салықтық кезең басындағы берешек сомасы
    Салықтық кезең соңындағы күн
    Салықтық кезең соңындағы берешек сомасы
    34
    35
    36
    37
    Берешек сомасының барлығы:
    Ескертпе: Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік кірістер органына ұсынатын мәліметтер нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
    Атауы __________________________________________________________________
    Мекенжайы _____________________________________________________________
    Телефоны _______________________________________________________________
    Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________________

    Орындушы ______________________________________________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) қолы, телефон

    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

    ________________________________________________________________________

    ________________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) қолы

    Мөр орны (жеке кәсіпкерлер субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

    Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік кірістер органына ұсынатын мәліметтер нысанына қосымша

    «Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік кірістер органына ұсынатын мәліметтер» нысанын толтыруға түсіндірме

    Салық төлеушінің (салық агентінің) атауы жолында салық төлеушінің (салық агентінің) атауы көрсетіледі.

    Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі жолында жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

    Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушіге жеткізілген тауарлар бойынша мәліметтер:

    нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

    нысанның 2-бағанында жеткізушінің атауы көрсетіледі;

    нысанның 3-бағанында жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

    нысанның 4-бағанында жеткізушінің резиденттігі көрсетіледі;

    нысанның 5-бағанында шарттың нөмірі көрсетіледі;

    нысанның 6-бағанында шарттың күні көрсетіледі;

    нысанның 7-бағанында Қазақстан Республикасының ұлттық анықтамалық ақпараттарына (ҰАА) сәйкес тауардың атауы көрсетілед;

    нысанның 8-бағанында өлшем бірліктер мен шоттың мемлекетаралық жіктеушіне (ӨБМЖ) сәйкес өлшем бірлігі көрсетіледі;

    нысанның 9-бағанында саны көрсетіледі;

    нысанның 10-бағанында «валюталар мен қорларды ұсынуға арналған кодтар» ҚР ҰЖ 07 ISO 4217 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуші cәйкес валюта коды көрсетіледі;

    нысанның 11-бағанында тауардың құны (теңгемен) көрсетіледі;

    нысанның 12-бағанында тауардың жалпы құны (теңгемен) көрсетіледі;

    нысанның 13-бағанында қызмет құны (теңгемен) көрсетіледі;

    нысанның 14-бағанында жеткізу күні көрсетіледі.

    Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушіге жеткізілген тауарлар бойынша мәліметтер:

    нысанның 15-бағанында тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлға мен сатушы арасында жасалған шарттың нөмірі көрсетіледі;

    нысанның 16-бағанында тауарды жеткізуші мен сатушы арасында жасалған шарттың шарттың күні көрсетіледі;

    нысанның 17-бағанында сатып алушының жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

    нысанның 18-бағанында сатып алушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі;

    нысанның 19-бағанында жеткізу күні көрсетіледі;

    нысанның 20-бағанында саны көрсетіледі.

    Орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін төлем туралы мәліметтер:

    нысанның 21-бағанында төлем құжатының түрі көрсетіледі;

    нысанның 22-бағанында төлем құжатының күні көрсетіледі;

    нысанның 23-бағанында төлем құжатының нөмірі көрсетіледі;

    нысанның 24-бағанында сомасы көрсетіледі;

    нысанның 25-бағанында ескертпе көрсетіледі;

    нысанның 26-бағанында операциялардың атауы көрсетіледі;

    нысанның 27-бағанында мазмұны көрсетіледі;

    нысанның 28-бағанында құжаттың нөмірі көрсетіледі;

    нысанның 29-бағанында құжаттың күні көрсетіледі;

    нысанның 30-бағанында операция сомасы көрсетіледі;

    нысанның 31-бағанында бухгалтерлік есепке алуда көрсетілген көрсетіледі (иә/жоқ);

    нысанның 32-бағанында салықтық есептілікте көрсетілген көрсетіледі (иә/жоқ);

    нысанның 33-бағанында қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген (кезеңі) көрсетіледі.

    Алушы мен жеткізуші арасындағы берешек бойынша мәліметтер (кредиторлық және дебиторлық):

    нысанның 34-бағанында салықтық кезең басындағы күн көрсетіледі;

    нысанның 35-бағанында салықтық кезең басындағы берешек сомасы көрсетіледі;

    нысанның 36-бағанында салықтық кезең соңындағы күн көрсетіледі;

    нысанның 37-бағанында салықтық кезең соңындағы берешек сомасы көрсетіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.