Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 қазан 2025 ж.

    Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

    2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы Тізбенің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және жиырма тоғызыншы абзацтарын және 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы

    М. Абылкасымова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты әлеуметтік

    қорғау министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық банкі

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы нарығын

    реттеу және дамыту

    Агенттігінің Басқармасының

    2025 жылғы 16 қазандағы

    № 67

    Қаулыға қосымша

    Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

    1. «Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

    көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

    мынадай мазмұндағы 7-2-тармақпен толықтырылсын:

    «7-3. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт инвестициялық портфельді басқарушының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 37-бабының 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бұзылады.

    Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт инвестициялық портфельді басқарушының бастамасы бойынша осы шарт жасалған күннен бастап кемінде толық бір күнтізбелік жыл өткеннен кейін бұзылуы мүмкін.

    Осы тармақтың мақсаттары үшін толық күнтізбелік жыл деп тиісті жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығы қоса алынған кезең түсініледі.»;

    мынадай мазмұндағы 25-1, 25-2 -тармақтармен толықтырылсын:

    «25-1. Инвестициялық портфельді басқарушы зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды мынадай өлшемшарттардың бірі бойынша жүзеге асырады:

    1) инвестициялық портфель салымшылардың зейнеткерлікке шығу мерзіміне қарамастан, зейнетақы салымдарынан тұрады және 12 (он екі) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәніне ие;

    2) инвестициялық портфель зейнеткерлікке шығу мерзімі үш жылдан асатын салымшылардың зейнетақы салымдарынан тұрады және 36 (отыз алты) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәніне ие;

    3) инвестициялық портфель зейнеткерлікке шығу мерзімі он үш жылдан асатын салымшылардың зейнетақы салымдарынан тұрады және 60 (алпыс) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәніне ие.

    Зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 43 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32830 болып тіркелген) Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларына, сондай-ақ Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес айқындалады.

    25-2. Инвестициялық портфельді басқарушы өлшемдері Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 43 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32830 болып тіркелген) Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларына, сондай-ақ Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес айқындалатын композиттік индекстер негізінде меншікті инвестициялау стратегиясын айқындайтын инвестициялық портфель үшін инвестициялық декларация әзірлейді.»;

    33-5 және 33-6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «33-5. Зейнетақы активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер:

    1) инвестициялық портфельді басқарушының үлестес тұлғаларымен;

    2) осы инвестициялық портфельді басқарушының ірі акционерлеріне тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқарушылармен;

    3) инвестициялық портфельді басқарушының ірі акционерлері шығарған акцияларды және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі акционерлерінің жарғылық капиталына қатысу үлестерін сенімгерлік басқарушылармен;

    4) Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген сенімгерлік басқарушылардың үлестес тұлғаларымен жасалмайды.

    Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің нормалары ұйымдасқан нарықта ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелерге, сондай-ақ Қағидалардың 33-2-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

    Инвестициялық портфельді басқарушы Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар шығарған (ұсынған) үлестік қаржы құралдарын, көрсетілген үлестік қаржы құралдарына конвертацияланатын борыштық қаржы құралдарын, сондай-ақ KASE индексіне енгізілген үлестік қаржы құралдарын қоспағанда, құрылымдық өнімдерді зейнетақы активтері есебінен сатып алу жөнінде шешімдер қабылдамайды.

    33-6. Бір тұлға және оның үлестес тұлғалары шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері инвестициялық портфельді басқарушыда сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері құнының 10 (он) пайызынан аспауға тиіс.

    Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде бір-біріне қатысты үлестес тұлғалар шығарған (ұсынған) инвестициялардың жиынтық мөлшері бөлігінде белгіленген нормалар дауыс беретін акцияларының 50 (елу) пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі бір-біріне қатысты үлестес тұлғалар шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына қатысты қолданылмайды.

    Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде белгіленген нормалар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар мен қаржы құралдарына, сондай-ақ орталық контрагенттің қатысуымен жасалған «кері репо» операциясының нысанасы болып табылатын қаржы құралдарына қатысты қолданылмайды.

    Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде белгіленген нормалар активтерінің құрылымы MSCI ACWI Index (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индекс) немесе Bloomberg Global-Aggregate Index (Блумберг Глобал-Агригейт Индекс) индекстерінің құрылымын қайталайтын немесе пайлары бойынша баға белгілеу осы индекстерге байланысты Exchange Traded Funds (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) пайларына қатысты қолданылмайды.

    Зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың осы зейнетақы активтерін есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын кастодианның банк шоттарындағы шетел валютасындағы қалдықтарды қоса алғанда, шетел валютасында номиналданған қаржы құралдарына жиынтық мөлшері инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері құнынан 60 (алпыс) пайыздан кем болады.

    Қатарынан 12 (он екі) ай ішінде инвестициялық портфельдің тәуекел көрсеткіші (стандартты ауытқу) композиттік индекстің тәуекел көрсеткішінен 1,2-ден астам (бір бүтін оннан екі) рет аспайды (стандартты ауытқу) және ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша есептеледі.

    Зейнетақы активтері есебінен эмитенттің бір шығарылымының борыштық бағалы қағаздарына инвестициялардың жиынтық мөлшері эмитенттің осы шығарылымының орналастырылған борыштық бағалы қағаздарының жалпы санынан 50 (елу) пайыздан кем болады.

    Қазақстан Республикасының ұйымы шығарған акцияларға, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акцияларға зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері осы эмитенттің дауыс беретін акцияларының жалпы санынан 10 (он) пайыздан кем болады.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және инвестициялық портфельді басқарушылардың сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің интернет-ресурсында жариялаған зейнетақы активтері есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерге сәйкес осы эмитенттің дауыс беретін акцияларының жалпы санынан 10 (он) пайыздан асқан жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушы Қазақстан Республикасының ұйымы шығарған, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын зейнетақы активтері есебінен акцияларды сатып алу жөнінде шешімдер қабылдамайды.».

    7-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

    «7-тарау. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару шарты инвестициялық портфельді басқарушының бастамасы бойынша бұзылған жағдайда инвестициялық портфельді басқарушының іс-қимыл тәртібі»;

    мынадай мазмұндағы 58, 59 және 60-тармақтармен толықтырылсын:

    «58. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару шартын өз бастамасы бойынша бұзған жағдайда инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті органды, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын және зейнетақы активтерін есепке алу және сақтауды жүзеге асыратын кастодианды шартты бұзудың жоспарланған күніне дейін күнтізбелік бір жылдан кешіктірмей хабардар етеді және бір мезгілде корпоративтік интернет-ресурста тиісті хабарландыру орналастырады.

    Мұндай хабарлама болған кезде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың зейнетақы активтерін осы инвестициялық қорды басқарушының басқаруына аудару туралы жаңа өтініштерін қабылдамайды.

    59. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару шартын өз бастамасы бойынша бұзған жағдайда инвестициялық портфельді басқарушы сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтерін ақша түрінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға толық көлемде қайтарады.

    Инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен инвестициялық портфельді басқарушы зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асырған толық күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы (бар болса) толық көлемде өтейді.

    60. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару шарты инвестициялық портфельді басқарушының бастамасы бойынша бұзылған жағдайда теріс айырманы (бар болса) өтеу күнінен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде инвестициялық портфельді басқарушы зейнетақы активтерін зейнетақы активтерін қабылдау-өткізу актісінің негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиандық шотына қайтарады, ол мынадай мәліметтерді қамтиды:

    1) инвестициялық портфельді басқарушының толық атауы;

    2) инвестициялық портфельді басқарушының атқарушы органы басшысының және бас бухгалтерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

    3) шоттардағы ұлттық және (немесе) шетел валютасында ақша қалдығы;

    4) зейнетақы активтерін беру күнінің алдындағы күннің соңына зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны;

    5) инвестициялық портфельді басқарушы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беретін зейнетақы активтеріне жататын өзге де мәліметтер.

    Қабылдау-өткізу актісі зейнетақы активтерін беру күніне бір данадан қазақ және орыс тілдерінде 3 (үш) данада жасалады:

    инвестициялық портфельді басқарушы үшін - инвестициялық портфельді басқарушының атқарушы органының басшысы және бас бухгалтері немесе оларды алмастыратын адамдар қол қояды;

    бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры үшін - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті тұлғасы қол қояды;

    кастодиан-банк үшін - кастодиан-банктің уәкілетті тұлғасы және бас бухгалтері немесе оларды алмастыратын адамдар қол қояды.».

    2. «Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларын, сондай-ақ Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 43 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32830 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларында:

    3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы Басқарушы мынадай формула бойынша ай сайын есептейді:

    S = (Сmin - Сt) * Yei, мұндағы: Сmin > Сt, мұндағы:

    S – Басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы өтеу бойынша Басқарушы міндеттемелерінің сомасы;

    Cmin – зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі коэффициентінің ең аз мәнін орындау үшін зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есепті күнге қажетті құны;

    Ct – Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есепті күнге құны;

    Yei – Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің есепті күнге жалпы саны.

    4. Cmin мәні мына формула бойынша есептеледі:

    Сmin (12, 36, 60) = (Кi * (95%, 90%, 85%) + 100)/100 * Со, мұндағы:

    Кi (12, 36, 60) – есепті күнге қалыптасқан, тиісінше:

    1) зейнеткерлікке шығу мерзіміне қарамастан, 12 (он екі) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтері есебінен;

    2) зейнеткерлікке шығу мерзімі үш жылдан асатын, 36 (отыз алты) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтері есебінен;

    3) зейнеткерлікке шығу мерзімі он үш жылдан асатын, 60 (алпыс) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтері есебінен инвестициялық портфель үшін композиттік индекстің номиналдық кірістілігі коэффициентінің мәні;

    Со – Әлеуметтік кодекстің 37-бабы 4-тармағының және 40-бабының 1-тармағы 9)-тармақшасының талаптары ескеріле отырып, есепті күннің алдындағы он екі ай (зейнетақы активтерін он екі ай және одан көп, бірақ отыз алты айдан аз басқарған жағдайда), отыз алты ай (зейнетақы активтерін отыз алты ай және одан көп, бірақ алпыс айдан аз басқарған жағдайда), алпыс ай (зейнетақы активтерін алпыс ай және одан көп басқарған жағдайда) бұрын Басқарушыда болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің Қағидалардың 6-тармағына сәйкес есептелген құны.

    Композиттік индекстің номиналдық кірістілігінің коэффициенті Қағидалардың 11-тармағына сәйкес есептеледі.

    5. Басқарушының сенімгерлік басқаруындағы, зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі әр айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша мынадай формула бойынша есептелетін К2 номиналдық кірістілік коэффициентімен сипатталады:

    Сt – есепті күнтізбелік айдағы кезеңнің соңына Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған инвестициялық портфельдің зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны;

    Со – Әлеуметтік кодекстің 37-бабы 4-тармағының және 40-бабының 1-тармағы 9) тармақшасының талаптары ескеріле отырып, он екі, отыз алты, алпыс ай бұрын Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің Қағидалардың 6-тармағына сәйкес есептелген құны.

    6. Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны осы Басқарушыда сенімгерлік басқаруда болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша Қағидалардың 7-тармағына сәйкес есептелген мәні ретінде есептеледі.»;

    11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «11. Композиттік индекстің номиналдық кірістілігінің коэффициенті композиттік индекстің теңгемен кірістілігі ретінде апта сайын есептеледі.

    Кi (12) инвестициялық портфельдің композиттік индексінің құрамы мынадай: KASE индексінің 10 (он) пайызы, KZGB_DPs индексінің 60 (алпыс) пайызы, MSCI ACWI Index индексінің (MXWD Index) (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индексі) 10 (он) пайызы, Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD (LEGATRUH Index) индексінің (Блумберг Глобал-Агригейт Тотал Ретен Индекс Валю Хэджед ЮСД) 20 (жиырма) пайызы.

    Кi (36) инвестициялық портфельдің композиттік индексінің құрамы мынадай: KASE индексінің 20 (жиырма) пайызы, KZGB_DPm индексінің 20 (жиырма) пайызы, MSCI ACWI Index индексінің (MXWD Index) (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индексі) 40 (қырық) пайызы, Bloomberg Global-Aggregate Return Index Value Hedged USD (LEGATRUH Index) индексінің (Блумберг Глобал-Агригейт Тотал Ретен Индекс Валю Хэджед ЮСД) 20 (жиырма) пайызы.

    Кi (60) инвестициялық портфельдің композиттік индексінің құрамы мынадай: KASE индексінің 20 (жиырма) пайызы, KZGB_DPl индексінің 10 (он) пайызы, MSCI ACWI индексінің (MXWD Index) (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индексі) 60 (алпыс) пайызы, Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD (LEGATRUH Index) индексінің (Блумберг Глобал-Агригейт Тотал Ретен Индекс Валю Хэджед ЮСД) 10 (он) пайызы.

    12. Зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні тиісті кезең үшін Қағидаларға 11-тармаққа сәйкес есептелген тиісті композиттік индекстің номиналдық кірістілігі коэффициентінің мәнінен:

    1) зейнеткерлікке шығу мерзіміне қарамастан, 12 (он екі) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтерінен тұратын инвестициялық портфель үшін - 95 (тоқсан бес) пайызды;

    2) зейнеткерлікке шығу мерзімі үш жылдан асатын, 36 (отыз алты) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтерінен тұратын инвестициялық портфель үшін - 90 (тоқсан) пайызды;

    3) зейнеткерлікке шығу мерзімі он үш жылдан асатын, 60 (алпыс) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтерінен тұратын инвестициялық портфель үшін – 85 (сексен бес) пайызды құрайды.»;

    көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдерде:

    5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Басқарушы ай сайын, барлық Басқарушылар бойынша К2 номиналдық кірістілік коэффициенттерінің мәндері және зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында жарияланған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасында теріс ауытқу болған кезде резерв (бұдан әрі – резерв) сомасын мына формула бойынша есептейді:

    Sr (12,36,60) = (Сm (12,36,60) - Сt) * Yei, мұндағы:

    Sr – резерв сомасы;

    Сm – номиналды кіріс коэффициентінің ең аз мәнін орындау үшін зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есепті күнге қажетті құны;

    Ct – Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есепті күнге құны;

    Yei – есепті күнге Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны.

    Сm мәні мына формула бойынша есептеледі:

    Сm (12, 36, 60) = (Кi * (12, 36, 60) * (95%, 90%, 85%) + 100)/100 * Со, мұндағы:

    Кi (12, 36, 60) – есепті күнге қалыптасқан, тиісінше:

    1) зейнеткерлікке шығу мерзіміне қарамастан, 12 (он екі) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтері есебінен;

    2) зейнеткерлікке шығу мерзімі үш жылдан асатын, 36 (отыз алты) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтері есебінен;

    3) зейнеткерлікке шығу мерзімі он үш жылдан асатын, 60 (алпыс) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтері есебінен инвестициялық портфель үшін композиттік индекстің номиналдық кірістілігі коэффициентінің мәні;

    Со – Басқарушының сенімгерлік басқаруында он екі, отыз алты, алпыс ай бұрын болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны.

    Композиттік индекстің номиналдық кірістілігінің коэффициенті Қағидалардың 10-тармағына сәйкес есептеледі.»;

    8, 9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Басқарушы меншікті капиталы есебінен Басқарушы зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асырған толық күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қалыптасқан, мына формула бойынша есептелген теріс айырма сомасын (бұдан әрі – өтеу сомасы) өтейді:

    S(T) = (Сmin(T) - Сt) * Yei, мұнда: Сmin > Сt, мұндағы:

    S – математикалық әдіспен үтірден кейін 2 (екі) таңбаға дейін дөңгелектелген өтеу сомасы;

    Cmin – зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі коэффициентінің ең аз мәнін орындау үшін зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есепті күнге қажетті құны;

    Ct – Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есепті күнге құны;

    Yei – толық күнтізбелік он екі, отыз алты және алпыс ай Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің есепті күнге жалпы саны;

    T – мыналар үшін:

    1) зейнеткерлікке шығу мерзіміне қарамастан салымшылардың зейнетақы активтері есебінен портфель үшін - 12 (он екі) ай;

    2) зейнеткерлікке шығу мерзімі үш жылдан асатын салымшылардың зейнетақы активтері есебінен портфель үшін - 36 (отыз алты) ай;

    3) зейнеткерлікке шығу мерзімі он үш жылдан асатын салымшылардың зейнетақы активтері есебінен портфель үшін - 60 (алпыс) ай инвестициялық уақыт кезеңі.

    9. Cmin мәні мына формула бойынша есептеледі:

    Сmin (T) = (Кi (12, 36, 60) * (95%, 90%, 85%) + 100)/100 * Со, мұндағы:

    Кi (12, 36, 60) – есепті күнге қалыптасқан, тиісінше:

    1) зейнеткерлікке шығу мерзіміне қарамастан, 12 (он екі) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтері есебінен;

    2) зейнеткерлікке шығу мерзімі үш жылдан асатын, 36 (отыз алты) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтері есебінен;

    3) зейнеткерлікке шығу мерзімі он үш жылдан асатын, 60 (алпыс) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтері есебінен инвестициялық портфель үшін композиттік индекстің номиналдық кірістілігі коэффициентінің мәні;

    Со – Әлеуметтік кодекстің 37-бабы 4-тармағының және 40-бабының 1-тармағы 9) тармақшасының талаптары ескеріле отырып, есепті күннің алдындағы он екі ай (зейнетақы активтерін он екі ай және одан көп, бірақ отыз алты айдан аз сенімгерлік басқарған жағдайда), отыз алты ай (зейнетақы активтерін отыз алты ай және одан көп, бірақ алпыс айдан аз сенімгерлік басқарған жағдайда), алпыс ай (зейнетақы активтерін алпыс және одан көп сенімгерлік басқарған жағдайда) бұрын Басқарушыда болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны;

    T – мыналар үшін:

    1) зейнеткерлікке шығу мерзіміне қарамастан салымшылардың зейнетақы активтері есебінен портфель үшін - 12 (он екі) ай;

    2) зейнеткерлікке шығу мерзімі үш жылдан асатын салымшылардың зейнетақы активтері есебінен портфель үшін - 36 (отыз алты) ай;

    3) зейнеткерлікке шығу мерзімі он үш жылдан асатын салымшылардың зейнетақы активтері есебінен портфель үшін - 60 (алпыс) ай инвестициялық уақыт кезеңі.

    Композиттік индекстің номиналдық кірістілігінің коэффициенті Қағидалардың 10-тармағына сәйкес есептеледі.

    10. Композиттік индекстің номиналдық кірістілігінің коэффициенті композиттік индекстің теңгемен кірістілігі ретінде апта сайын есептеледі.

    Кi (12) инвестициялық портфельдің композиттік индексінің құрамы мынадай: KASE индексі 10 (он) пайыз, KZGB_DPs индексі 60 (алпыс) пайыз, MSCI ACWI Index (MXWD Index) индексі (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индексі) 10 (он) пайыз, Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD (LEGATRUH Index) индексі (Блумберг Глобал-Агригейт Тотал Ретен Индекс Валю Хэджед ЮСД) 20 (жиырма) пайыз.

    Кi (36) инвестициялық портфельдің композиттік индексінің құрамы мынадай: KASE индексі 20 (жиырма) пайыз, KZGB_DPm 20 (жиырма) пайыз, MSCI ACWI Index (MXWD Index) индексі (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индексі) 40 (қырық) пайыз, Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD (LEGATRUH Index) индексі (Блумберг Глобал-Агригейт Тотал Ретен Индекс Валю Хэджед ЮСД) 20 (жиырма) пайыз.

    Кi (60) инвестициялық портфельдің композиттік индексінің құрамы мынадай: KASE индексі 20 (жиырма) пайыз, KZGB_DPl индексі 20 (жиырма) пайыз, MSCI ACWI Index (MXWD Index) индексі (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индексі) 60 (алпыс) пайыз, Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD (LEGATRUH Index) индексі (Блумберг Глобал-Агригейт Тотал Ретен Индекс Валю Хэджед ЮСД)10 (он) пайыз.

    11. Басқарушы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес есептелген теріс айырманы өтеу сомасын Басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды жүзеге асыратын кастодиан-банктегі (бұдан әрі - кастодиан-банк) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – Қор) шотына Басқарушының, кастодиан-банктің және Қордың уәкілетті өкілдері қол қойған салыстырып-тексеру актісі негізінде күнтізбелік он күн ішінде, бірақ есепті жылдан кейінгі жылғы 10 ақпаннан кешіктірмей есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша толық күнтізбелік он екі, отыз алты және алпыс ай Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған, міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың зейнетақы жеке шоттарына кейіннен есепке жазу үшін толық көлемде есепке жазады.».

    3. «Зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 62 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32933 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі осы Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

    Қаулыға 2-қосымша

    Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі

    Қар­жы құ­ра­лы­ның ата­уы*
    1
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі мен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі шы­ғар­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры (оның ішін­де шет мем­ле­кет­тер­дің заң­на­ма­сы­на сәй­кес ба­ста­ма жа­сал­ған), сон­дай-ақ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің ке­піл­де­ме бе­ру­і­мен және (неме­се) ке­пі­лі­мен шы­ға­ры­л­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    2
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры шы­ғар­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    3
    Ак­ци­я­ла­ры­ның жүз пай­ы­зы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кіне ти­е­сі­лі заң­ды тұл­ға шы­ғар­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    4
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның және бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­на­ма­сы­на сәй­кес «Қа­зақ­стан­ның Да­му Бан­кі», «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ұлт­тық әл-ауқат қо­ры», «Бәй­те­рек» ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­дин­гі», «Про­бле­ма­лық кре­дит­тер қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­да­ры шы­ғар­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    5
    Мы­на­дай та­лап­тар­дың бі­ріне сәй­кес ке­ле­тін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі банк­те­рін­де­гі са­лым­дар:
    Standard &Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «ВВ-»-тен тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі неме­се Moody's Investors Service (Му­дис Ин­вес­торс Сер­вис) неме­се Fitch (Фич) агент­тікте­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тинг­тік ба­ға­сы бар неме­се Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) ұлт­тық шка­ла­сы бой­ын­ша «kzА-»-тен тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы бар банк­тер;
    банк­тер бей­ре­зи­дент бас бан­кi­нің Standard &Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­тi­гiнiң ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «А-»-тен тө­мен емес ұзақ мерзiм­дi кре­дит­тiк рей­тин­гi неме­се Moody's Investors Service (Му­дис Ин­вес­торс Сер­вис) неме­се Fitch (Фич) агент­тікте­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гi рей­тин­гi бар ре­зи­дент ен­шiлес банк­те­рі бо­лып та­бы­ла­ды
    6
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «А-»-тен тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді рей­тин­гі неме­се Moody's Investors Service (Му­дис Ин­вес­торс Сер­вис) неме­се Fitch (Фич) агент­тікте­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тинг­тік ба­ға­сы бар бей­ре­зи­дент банк­тер­де­гі са­лым­дар
    7
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «ВВ+»-тен тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се Moody's Investors Service (Му­дис Ин­вес­торс Сер­вис) неме­се Fitch (Фич) агент­тікте­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тинг­тік ба­ға­сы бар мы­на­дай ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар: Азия да­му бан­кі (the Asian Development Bank);
    Аме­ри­ка­ара­лық да­му бан­кі (the Inter-American Development Bank);
    Аф­ри­ка да­му бан­кі (the African Development Bank);
    Еуро­па қай­та құ­ру және да­му бан­кі (the European Bank for Reconstruction and Development);
    Еуро­па ин­ве­сти­ци­я­лық бан­кі (the European Investment Bank);
    Еуро­па­лық Ке­ңе­стің Да­му Бан­кі;
    (the Council of Europe Development Bank);
    Же­ке Сек­тор­ды Да­мы­ту жө­нін­де­гі Ис­лам Кор­по­ра­ци­я­сы (the Islamic Corporation for the Development of the Private Sector);
    Ис­лам да­му бан­кі (the Islamic Development Bank);
    Ин­ве­сти­ци­я­лар Ке­піл­ді­гі­нің Кө­п­жақ­ты Агент­ті­гі (the Multilateral Investment Guarantee Agency);
    Скан­ди­на­ви­я­лық ин­ве­сти­ци­я­лық банк (the Nordic Investment Bank);
    Ха­лы­қа­ра­лық ва­лю­та қо­ры (the International Monetary Fund);
    Ха­лы­қа­ра­лық да­му қо­ғам­да­стығы (the International Development Association);
    Ин­ве­сти­ци­я­лық Да­у­лар­ды Рет­теу жө­нін­де­гі Ха­лы­қа­ра­лық Ор­та­лық (the International Centre for Settlement of Investment Disputes);
    Ха­лы­қа­ра­лық қай­та құ­ру және да­му бан­кі (the International Bank for Reconstruction and Development);
    Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы кор­по­ра­ци­я­сы (the International Finance Corporation);
    сон­дай-ақ, жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның үле­сі ке­мін­де 25%-ды құ­рай­тын ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ы­мы шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    8
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «ВВ+»-тен тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се Moody's Investors Service (Му­дис Ин­вес­торс Сер­вис) неме­се Fitch (Фич) агент­тікте­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар шет мем­ле­кет­тер­дің ор­та­лық үкі­мет­те­рі шы­ғар­ған, мем­ле­кет­тік мәр­те­бе­сі бар ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    9
    Ше­тел­дік ұй­ым­дар шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік емес ба­ға­лы қа­ға­з­дар:
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «ВВ»-тен тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се Moody's Investors Service (Му­дис Ин­вес­торс Сер­вис) неме­се Fitch (Фич) агент­тікте­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гік ба­ға­сы бар ше­тел­дік эми­тент­тер­дің ак­ци­я­ла­ры және ба­за­лық ак­ти­ві осы ак­ци­я­лар бо­лып та­бы­ла­тын де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар;
    негіз­гі қор ин­дек­с­те­рі­нің құ­ра­мы­на кі­ре­тін ше­тел­дік эми­тент­тер­дің ак­ци­я­ла­ры және ба­за­лық ак­ти­ві осы ак­ци­я­лар бо­лып та­бы­ла­тын де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар;
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «ВВ»-тен тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се Moody's Investors Service (Му­дис Ин­вес­торс Сер­вис) неме­се Fitch (Фич) агент­тікте­рі­нің осын­дай дең­гей­де­гі рей­тинг­тік ба­ға­сы бар бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    10
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның неме­се бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­на­ма­сы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік емес ба­ға­лы қа­ға­з­дар:
    қор бир­жа­сын­да ин­ве­стор­лар­дың ауқым­ды то­бы ара­сын­да жа­рия ұсы­ныс (са­ту) шең­бе­рін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған (ор­на­ла­сты­ры­ла­тын) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­то­ры эми­тент­те­рі­нің ак­ци­я­ла­ры және (неме­се) осы ак­ци­я­лар ба­за­лық ак­ти­ві бо­лып та­бы­ла­тын де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар;
    қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне «Негіз­гі» ала­ңы­ның «ак­ци­я­лар» сек­то­ры «пре­ми­ум» са­на­ты­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін, қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген заң­ды тұ­лға­лар­дың ак­ци­я­ла­ры және ба­за­лық ак­ти­ві осы ак­ци­я­лар бо­лып та­бы­ла­тын де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар;
    негіз­гі қор ин­дек­с­те­рі­нің құ­ра­мы­на кі­ре­тін заң­ды тұ­лға­лар­дың ак­ци­я­ла­ры;
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның неме­се бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­на­ма­сы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған Standard &Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «В+»-тен тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се Moody's Investors Service (Му­дис Ин­вес­торс Сер­вис) неме­се Fitch (Фич) агент­тікте­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тинг­тік ба­ға­сы бар неме­се Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) ұлт­тық шка­ла­сы бой­ын­ша «kzBBB»-тен тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы бар бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар;
    осы эми­тент­тің бұ­рын шы­ға­ры­л­ған ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры­на не өзге мін­дет­те­ме­ле­ріне ай­ыр­ба­стау мақ­са­тын­да эми­тент мін­дет­те­ме­ле­рін қай­та құ­ры­лым­дау шең­бе­рін­де шы­ға­ры­л­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    11
    Со­ма­сы осы мем­ле­кет­тік емес бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың но­ми­нал­дық құ­ны­ның ке­мін­де 50 (елу) пай­ы­зын өтей­тін «Да­му» кә­сіп­кер­лік­ті да­мы­ту қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның және (неме­се) «Қа­зақ­стан Да­му бан­кі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның ке­піл­ді­гі бар және қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мі­нің «Негіз­гі» не «Ба­ла­ма­лы» алаң­да­ры «бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар» сек­то­ры­на ен­гі­зі­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кә­сіп­кер­лік ко­дек­сіне сәй­кес ша­ғын неме­се ор­та кә­сіп­кер­лік­ке жат­қы­зы­л­ған субъ­ек­ті­лер шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік емес бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    12
    Morningstar рей­тинг­тік агент­ті­гі­нің «3 жұл­ды­здан» тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы бар Exchange Traded Funds (ETF) (Экс­чейндж Тр­эй­дэд Фандс), Exchange Traded Commodities (ETC) (Экс­чейндж Тр­эй­дэд Ком­мо­ди­тис), Exchange Traded Notes (ETN) (Экс­чейндж Тр­эй­дэд Но­утс) пай­ла­ры
    13
    Бас­қа­ру­шы ком­па­ни­я­сы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес құ­ры­л­ған заң­ды тұл­ға бо­лып та­бы­ла­тын, қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген, қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мі «Ара­лас» ала­ңы­ның «ин­ве­сти­ци­я­лық қор­лар­дың ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры» сек­то­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін ара­лық ин­ве­сти­ци­я­лық пай қор­ла­ры­ның пай­ла­ры
    14
    Ак­тив­те­рі­нің құ­ры­лы­мы негіз­гі қор ин­дек­с­те­рі­нің бі­рі­нің құ­ры­лы­мын қай­та­лай­тын неме­се пай­ла­ры бой­ын­ша ба­ға бел­гі­леу негіз­гі қор ин­дек­с­те­ріне бай­ла­ны­сты­ры­л­ған Exchange Traded Funds (ETF) (Экс­чейндж Тр­эй­дэд Фандс) пай­ла­ры
    15
    Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шка­ла­сы бой­ын­ша «ВВВ»-ден тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі неме­се Moody's Investors Service (Му­дис Ин­вес­торс Сер­вис) неме­се Fitch (Фич) агент­тікте­рі­нің осын­дай дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің ше­тел ва­лю­та­сы
    16
    Лон­дон ба­ға­лы ме­тал­дар на­ры­ғы­ның қа­уым­да­стығы (London bullion market association) қа­был­да­ған және «Лон­дон­дық са­па­лы өнім бе­ру» («London good delivery») стан­дар­ты ре­т­ін­де осы қа­уым­да­стық­тың құ­жат­та­рын­да бел­гі­лен­ген ха­лы­қа­ра­лық са­па стан­дарт­та­ры­на сай ке­ле­тін та­зар­ты­л­ған ба­ға­лы ме­тал­дар және Standard & Poor's (Стан­дард энд Пурс) агент­ті­гі­нің «АА»-ден тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се Moody's Investors Service (Му­дис Ин­вес­торс Сер­вис) неме­се Fitch (Фич) агент­тікте­рі­нің осын­дай дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-банк­те­рін­де­гі он екі ай­дан ас­пай­тын мер­зім­ге ме­талл де­по­зит­тер
    17
    Хеджир­леу мақ­са­тын­да жа­сал­ған, ба­за­лық ак­ти­ві осы Тіз­бе­ге сәй­кес зей­не­та­қы ак­тив­те­рі есе­бі­нен са­тып алу­ға рұқ­сат еті­л­ген қар­жы құ­рал­да­ры бо­лып та­бы­ла­тын мы­на­дай туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры:
    оп­ци­он­дар;
    фью­черстер;
    фор­вард­тар;
    своптар;
    жо­ға­ры­да атал­ған туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры­ның жиын­тығы бо­лып та­бы­ла­тын туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры
    18
    MSCI ACWI Index (Мор­ган Стэн­ли Кэпи­тал Ин­тер­неш­нл Олл Кан­три Ворлд Ин­декс) ин­дек­сі­нің та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін және MSCI ACWI Index (Мор­ган Стэн­ли Кэпи­тал Ин­тер­неш­нл Олл Кан­три Ворлд Ин­декс) ин­дек­сіне кі­ре­тін ак­ци­я­лар
    19
    Bloomberg Global-Aggregate Index (Блум­берг Гло­бал-Агри­гейт Ин­декс) ин­дек­сі­нің та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін және Bloomberg Global-Aggregate Index (Блум­берг Гло­бал-Агри­гейт Ин­декс) ин­дек­сіне кі­ре­тін, Moody's, S&p және Fitch-тің рей­тинг­тік шка­ла­сы­ның Baa3/BBB-/BBB рей­тин­гі­нен тө­мен емес рей­тин­гі бар бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар
    20
    Ак­тив­те­рі­нің құ­ры­лы­мы MSCI ACWI Index (Мор­ган Стэн­ли Кэпи­тал Ин­тер­неш­нл Олл Кан­три Ворлд Ин­декс) неме­се Bloomberg Global-Aggregate Index (Блум­берг Гло­бал-Агри­гейт Ин­декс) ин­дек­сі­нің құ­ра­уы­шта­ры­ның құ­ры­лы­мын қай­та­лай­тын Exchange Traded Funds-тің (Экс­чейндж Тр­эй­дэд Фандс) неме­се пай­ла­ры бой­ын­ша ба­ға бел­гі­леу осы ин­дек­с­тер­дің құ­ра­уы­шта­ры­ның де­ректе­ріне бай­ла­ны­сты пай­лар
    Ескертпе:
    * оларға салынатын инвестициялардың жиынтық мөлшері инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері құнының 3 (үш) пайызынан аспайтын осы Тізбенің 11-тармағында көрсетілген қаржы құралдарын қоспағанда, осы Тізбеде көрсетілген қаржы құралдарына зейнетақы активтерін инвестициялау лимиттері инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық декларациясында белгіленеді;
    ** осы Тізбенің мақсаттары үшін негізгі қор индекстері деп мынадай есептік көрсеткіштер (индекстер) түсініледі:
    Bloomberg Global-Aggregate Index (Блумберг Глобал-Агригейт Индекс);
    САС 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index) (Компани дэ Эжон дэ Шанж 40 Андэкс);
    CSI 300 (Shanghai Shenzhen CSI 300 Index) (Шанхай Шенжен Си Эс Ай 300 Индекс);
    DAX (Deutscher Aktienindex) (Дойтче Акциениндекс);
    DJIA (Dow Jones Industrial Average) (Доу Джонс Индастриал Эвередж);
    FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index) (Файнэншл Таймс Сток Эксчейндж 100 Индекс);
    HSI (Hang Seng Index) (Ханг Сенг Индекс);
    KASE (Kazakhstan Stock Exchange Index) (Казакстан Сток Эксчейндж Индекс);
    KOSPI 200 (Korea Exchange KOSPI 200 Index) (Корея Эксчейндж Кэй Оу Эс Пи Ай 200 Индекс);
    MSCI ACWI Index Morgan Stanley Capital International All Country World Index) (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индекс);
    MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index) (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Ворлд Индекс);
    MOEX Russia (Moscow Exchange Russia Index) (Москоу Эксчейндж Раша Индекс);
    NASDAQ-100 (Nasdaq-100 Index) (Насдак-100 Индекс);
    NIKKEI 225 (Nikkei-225 Stock Average Index) (Никкэй-225 Сток Эвередж Индекс);
    Russell 1000 (The Russell 1000 Index) (Зэ Рассэл 1000 Индекс);
    RTSI (Russian Trade System Index) (Рашен Трейд Систем Индекс);
    S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index) (Стандард энд Пурс 500 Индекс);
    STOXX Europe Large 200 (The STOXX Europe Large 200 Index) (Зэ Эс Ти Оу Экс Экс Юроп Лардж 200 Индекс);
    TOPIX 100 (Tokyo Stock Price 100 Index) (Токио Сток Прайс 100 Индекс).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.