«Өркен» Қазақстан Республикасы Президентінің білім беру грантының құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 қазан 2025 ж.

    «Өркен» Қазақстан Республикасы Президентінің білім беру грантының құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған «Өркен» Қазақстан Республикасы Президентінің білім беру грантының құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі

    Ж. Сулейменова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Оқу-ағарту министрі

    2025 жылғы 21 қазандағы

    № 243

    бұйрығына қосымша

    Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын құнын айқындау әдістемесі

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім грантын құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын (бұдан әрі – «Өркен» гранты) құнын айқындау бірыңғай тәсілдемені белгілейді.

    2. Әдістеме «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына (бұдан әрі – ДББҰ) қолданылады.

    3. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар қолданылады:

    1) білім беру ортасы – оқу-тәрбие процесінің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін қажетті әлеуметтік, материалдық, тұрмыстық жағдайлардың жиынтығы;

    2) білім беру процесі – ДББҰ оқу бағдарламаларын іске асыру шеңберіндегі оқу-тәрбие процесі;

    3) «Өркен» грантының мөлшері – «Өркен» грантының мемлекет кепілдік берген құнын қаржылық қамтамасыз ету нормативі.

    2-тарау. «Өркен» грантының құнын есептеу

    1-параграф. «Өркен» грантының құнын есептеу көрсеткіштері

    4. «Өркен» грантының құның есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер пайдаланылады:

    1) ДББҰ-ның ішкі нормативтік құқықтық құжаттарына сәйкес белгіленген базалық мөлшерлеме (бұдан әрі – БМ), 27 432 теңге кұрайды;

    2) айына лауазымдық жалақысы (бұдан әрі – ЛЖ) БМ-ны ЛЖ коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады:

    педагогтың ЛЖ анықтау үшін – 20,47 коэффициенті қолданылады;

    тәрбиешінің ЛЖ анықтау үшін – 15,60;

    3) тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК).

    2-параграф. «Өркен» грантының құнын анықтау есебі

    5. «Өркен» грантының құны – V, келесі формула бойынша анықталады:

    V =N + Nzhat,

    N – бір жылда бір білім алушының оқу құны;

    Nzhat – бір жылда бір білім алушының жатақханада тұру құны;

    егер оқыту жатақханада тұрусыз жүргізілсе, Nzhat 0-ге тең болады.

    3-параграф. Бір жылда бір білім алушының оқу құнын есептеу алгоритмі

    6. N – бір жылда бір білім алушының оқу құны мынадай формула бойынша есептеледі:

    N = Е + L,

    мұнда:

    Е – бір жылда бір білім алушыға есептегенде білім беру процесі шығыстарының нормасы.

    L – бір жылда бір білім алушыға білім беру ортасы шығыстарының нормасы;

    1) E мынадай формула бойынша есептеледі:

    Е =  Т + Х + Nshp + Nob + Npi + Nat,

    мұнда:

    Т – бір жылда бір білім алушыға есептегенде, білім беру процесіне қатысатын әкімшілік-басқару персоналы (бұдан әрі - ӘБП) мен педагогтердің жылдық еңбек ақы төлеу қоры;

    Х – білім беру процесімен байланысты шығыстар, олар мынаны құрайды:

    NIS-Programme бойынша бір жылда бір білім алушыға есептегенде - 1,40 АЕК;

    Халықаралық бакалавриат бағдарламалары бойынша бір жылда, бір білім алушыға есептегенде – 1,30 АЕК;

    Nshp – шетелдік педагогтерді тартуға арналған шығыстар нормасы мынаны құрайды:

    NIS-Programme бойынша бір жылда бір білім алушыға есептегенде – 27,52 АЕК;

    Халықаралық бакалавриат бағдарламалары бойынша бір жылда, бір білім алушыға есептегенде – 140,9 АЕК;

    Nshp анықтау кезінде 2024 жылғы 4 желтоқсандағы №141-VIII «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен 2025 жылдын 1 қаңтарынаң бастап белгіленген АЕК мөлшері қабылданады;

    Nob – бір жылда бір білім алушыға есептегенде, оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуге арналған шығыстар нормасы мынадай формула бойынша айқындалады:

    Nob = 1,38 БМ * (sno + gрo) + 3,15 АЕК,

    мұнда:

    1,38 БМ – персонал жалақысын анықтаудың орташа өлшенген коэффициенті;

    3,15 АЕК – оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу бойынша процесті іске асыруға арналған шығыстар нормасы;

    Халықаралық бакалавриат бағдарламалары бойынша Nob 0–ге тең;

    sno – бюджетке төленетін төлемдердің (әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар) және жұмыс берушінің аударымдарының (жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдары) көлемін айқындайтын коэффициенті:

    2026 жылға – 1,1595;

    2027 жылға – 1,1695;

    2028 және одан кейінгі жылдарға – 1,1745;

    gpo – қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға арналған төлемдер көлемін анықтайтын коэффициенті – 0,0027 құрайды;

    Npi – бір жылда бір білім алушыға есептегенде, балаларды және педагогтерді конкурстық іріктеуге, сыртқы жиынтық бағалауға байланысты шығыстар нормасы мынадай формула бойынша айқындалады:

    Npi = 1,06 БМ * (sno + gpo) + 4,90 АЕК,

    мұнда:

    1,06 БМ – персонал жалақысын анықтаудың орташа өлшенген коэффициенті;

    4,90 АЕК – балалар мен педагогтерді конкурстық іріктеуді, сыртқы жиынтық бағалауды жүргізу процесін іске асыруға арналған шығыстар нормасы;

    Nat – бір жылда бір білім алушыға есептегенде, ДББҰ-да ақпараттық жүйелерін сүйемелдеуге арналған шығыстар нормасы мынадай формула бойынша айқындалады:

    Nat = 0,53 БМ * (sno + gpo) + 0,17 АЕК,

    мұнда:

    0,53 БМ – персонал жалақысын анықтаудың орташа өлшенген коэффициенті;

    0,17 АЕК – ДББҰ ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу процесін іске асыруға арналған шығыстар нормасы;

    2) Т мынадай формула бойынша есептеледі:

    Т = Тнег + Төтем,

    мұнда:

    Тнег – өтемақы төлемдерін есепке алмағанда, білім беру процесіне қатысатын ӘБП және негізгі өндірістік персоналдың (педагогтер/тәрбиешілер) (бұдан әрі - НӨП) жылдық еңбек ақы төлеу қоры:

    Тнег = 12 * W * mv * (sno + gpo),

    мұнда:

    12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

    W – ӘБП және НӨП айлық еңбекақы қоры;

    mv – бір білім алушыға шаққандағы педагогтер санының арақатынасының коэффициенті 0,1535 құрайды;

    Төтем – білім беру процесіне қатысатын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақыларын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі;

    Төтем = (((ЛЖ + БМ * f) * 2 + Эөтем1) * mv) * (sno + gрo),

    мұнда:

    f – ӘБП жалақысының НӨП жалақысына үлес салмағының коэффициенті 1,55 құрайды;

    Эөтем1 – «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес (бұдан әрі - Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заң) білім беру процесіне қатысатын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына, қолданыстағы төлемдерден тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:

    Эөтем1 = ЛЖ + БМ * f,

    егер осы қосымша ақы Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңда көзделмесе, Эөтем1 0–ге тең болады;

    3) W – білім беру процесіне қатысатын персоналдың айлық еңбек ақы төлеу қоры мынадай формула бойынша есептеледі:

    W = (ЛЖ + БМ * f) + БМ * (up + kеж1) + R,

    мұнда:

    up – педагогикалық қосымша ақылар мен үстемеақылардың коэффициенті 0,05 құрайды;

    keж1 – Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңына сәйкес, білім беру процесіне қатысатын персонал үшін экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы төлеу коэффициенті:

    экологиялық дағдарыс аймақтарда – 6,61;

    экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақтарда – 4,40.

    Егер осы қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңда көзделмеген жағдайда, keж1 0-ге тең болады;

    R – «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ядролық полигонда зардап шеккендерді қорғау туралы Заң) сәйкес, радиациялық тәуекел аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы – 1,5 АЕК.

    Егер бұл қосымша ақы Ядролық полигонда зардап шеккендерді қорғау туралы Заңда көзделмесе, R 0-ге тең болады;

    4) L – бір жылда бір білім алушыға білім беру ортасы шығыстарының нормасы мынадай формула бойынша есептеледі:

    L = Q + S + Р + К,

    мұнда:

    Q – бір жылда бір білім алушыға есептегенде білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жылдық еңбек ақы төлеу қоры;

    S – бір жылда бір білім алушыға мектептерді ағымдағы ұстауға арналған шығыстар нормасы:

    11,3 АЕК – NIS-Programme бойынша;

    13,3 АЕК – Халықаралық бакалавриат бағдарламалары бойынша.

    Р – бір жылда бір білім алушыға есептегенде тамақтануға арналған шығыстар нормасы:

    қалаларда орналасқан ДББҰ үшін:

    Алматы (Медеу ауданындағы мектеп) – 63,39 АЕК;

    Ақтау, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Семей – 70,38 АЕК;

    Алматы (Наурызбай ауданындағы мектеп), Ақтөбе, Астана, Атырау, Павлодар, Петропавл, Шымкент, Орал – 78,29 АЕК;

    Қостанай, Өскемен – 86,54 АЕК.

    К – бір жылда бір білім алушыға коммуналдық қызметтер мен байланыс, оның ішінде интернет қызметтерін төлеуге арналған шығыстар нормасы:

    қалаларда орналасқан ДББҰ үшін:

    Атырау, Көкшетау, Қызылорда – 9,01 АЕК;

    Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Тараз, Түркістан, Орал – 10,87 АЕК;

    Ақтау, Павлодар, Петропавл, Семей, Шымкент – 13,36 АЕК;

    Астана, Қарағанды, Өскемен –18,25 АЕК;

    Талдықорған – 23,42 АЕК;

    5) Q – мынадай формула бойынша есептеледі:

    Q = Qнег + Qөтем,

    мұнда:

    Qнег – өтемақы төлемдерін есепке алмағанда, білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жылдық еңбек ақы төлеу қоры мынадай формула бойынша айқындалады:

    Qнег = 12 * F * mv * (sno + gpo),

    мұнда:

    12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

    F – білім беру процесіне қатыспайтын персонал еңбекақы төлеу қоры;

    Qөтем – білім беру процесіне қатыспайтын қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақыларын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:

    Qөтем = ((БМ * c * 2 + Эөтем2) * mv) * (sno + gpo),

    мұнда:

    с – білім беру процесіне қатыспайтын негізгі емес өндірістік персонал жалақысының НӨП жалақысына үлес салмағының коэффициенті – 3,18 құрайды;

    Эөтем2 – Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес, білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемдерден тыс, сауықтыруға арналған материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:

    Эөтем2 = БМ * c,

    Егер осы қосымша ақы Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңда көзделмесе, Эөтем2 0-ге тең болады;

    6) F – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың айлық еңбек ақы төлеу қоры, мынадай формула бойынша есептеледі:

    F = БМ * (c + keж2) + R,

    мұнда:

    keж2 – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың, Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес, экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшін қосымша ақы төлеу коэффициенті:

    экологиялық дағдарыс аймақтарда – 0,95;

    экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақтарда – 0,64.

    Егер осы қосымша төлем Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңда көзделмесе, keж2 0–ге тең болады.

    4-параграф. Бір жылда бір білім алушының жатақханада тұру құнын есептеу алгоритмі

    7. Nzhat – бір жылда бір білім алушының жатақханада тұру құны мынадай формула бойынша есептеледі:

    Nzhat = T + L,

    мұнда:

    Т – бір жылда жатақханада тұратын бір білім алушыға білім беру процесіне қатысатын персоналдың жылдық еңбек ақы төлеу қоры;

    L – бір жылда жатақханада тұратын бір білім алушыға білім беру орта шығыстарының нормасы;

    1) Т мынадай формула бойынша есептеледі:

    Т = Тнег + Төтем,

    мұнда:

    Тнег – өтемақы төлемдерін есепке алмағанда, білім беру процесіне қатысатын персонал жылдық еңбек ақы төлеу қоры, мынадай формула бойынша есептеледі:

    Тнег = 12 * W * mv * (sno + gpo),

    мұнда:

    12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылына нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін жылына айлар саны;

    W – білім беру процесіне қатысатын персоналдың айлық еңбек ақы төлеу қоры мынадай формула бойынша есептеледі:

    mv – жатақханада тұратын бір білім алушыға шаққандағы НӨП санының арақатынасының коэффициенті 0,05 құрайды;

    sno – бюджетке төленетін төлемдердің (әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар) және жұмыс берушінің аударымдарының (жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдары) көлемін айқындайтын коэффициенті:

    2026 жылға – 1,1618;

    2027 жылға – 1,1718;

    2028 және одан кейінгі жылдарға - 1,1768;

    gpo – қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға арналған төлемдер көлемін анықтайтын коэффициенті - 0,0029 құрайды;

    Төтем – білім беру процесіне қатысатын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақыларын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі, мынадай формула бойынша есептеледі:

    Төтем = ((ЛЖ * 2 + Эөтем1) * mv) * (sno + gpo),

    мұнда:

    Эөтем1 – Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес, білім беру процесіне қатысатын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемдерден тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек тәрбиешінің 1 ЛЖ-ге тең болады.

    егер осы қосымша ақы Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы заңда көзделмесе, Эөтем1 0-ге тең болады;

    2) W – білім беру процесіне қатысатын персоналдың айлық еңбек ақы төлеу қоры мынадай формула бойынша есептеледі:

    W = ЛЖ + БМ * kеж1 + R,

    мұнда:

    keж1 – Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңына сәйкес, білім беру процесіне қатысатын персонал үшін экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы төлеу коэффициенті:

    экологиялық дағдарыс аймақтарда – 4,7;

    экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақтарда – 3,1.

    Егер осы қосымша ақы Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңда көзделмеген жағдайда, keж1 0–ге тең болады;

    R – Ядролық полигонда зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес, радиациялық тәуекел аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы – 1,5 АЕК.

    Егер бұл қосымша ақы Ядролық полигонда зардап шеккендерді қорғау туралы Заңда көзделмесе, R 0–ге тең болады;

    3) L – бір жылда жатақханада тұратын бір білім алушгыға білім беру орта шығыстарының нормасы мынадай формула бойынша есептеледі:

    L = Q + S + Р + K,

    мұнда:

    Q – бір жылда жатақханада тұратын бір білім алушыға есептегенде, білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жылдық еңбек ақы төлеу қоры;

    S – бір жылда жатақханада тұратын бір білім алушыға ДББҰ жатақханаларын ағымдағы ұстауға арналған шығыстар нормасы 13 АЕК құрайды;

    Р – бір жылда ДББҰ жатақханасында тұратын бір білім алушының тамақтануына шығыстар нормасы:

    қалаларда орналасқан ДББҰ жатақханалары үшін:

    Ақтау, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Талдықорған, Тараз, Түркістан – 76,23 АЕК;

    Ақтөбе, Алматы, Семей, Шымкент – 84,07 АЕК;

    Астана, Атырау, Павлодар, Петропавл, Орал – 85,75 АЕК;

    Қостанай, Өскемен – 94,27 АЕК;

    К – бір жылда жатақханада тұратын бір білім алушыға коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін, оның ішінде интернетті төлеуге арналған шығыстар нормасы:

    қалаларда орналасқан жатақханалар үшін:

    Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Тараз, Түркістан – 6,39 АЕК;

    Атырау, Павлодар, Петропавл, Семей, Орал – 8,64 АЕК;

    Көкшетау, Өскемен, Шымкент – 12,62 АЕК;

    Астана, Қарағанды – 23,32АЕК;

    Талдықорған – 42,1 АЕК

    4) Q – мынадай формула бойынша есептеледі:

    Q = Qнег + Qөтем,

    мұнда:

    Qнег – өтемақы төлемдерін есепке алмағанда, білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жылдық еңбек ақы төлеу қоры мынадай формула бойынша айқындалады:

    Qнег = 12 * F * mv * (sno + gpo),

    мұнда:

    12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

    F – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың айлық еңбек ақы төлеу қоры, мынадай формула бойынша есептеледі:

    Qөтем – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақыларын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:

    Qөтем = ((БМ * q * 2 + Эөтем2) * mv) * (sno + gpo),

    мұнда:

    q – білім беру процесіне қатыспайтын қызмет көрсетуші және көмекші, медициналық персоналдың жалақысының НӨП жалақысына үлес салмағының коэффициенті 2,6 құрайды;

    Эөтем2 – Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес, білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемдерден тыс, сауықтыруға материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:

    Эөтем2 = БМ * q,

    Егер осы қосымша ақы Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңда көзделмесе, Эөтем2 0-ге тең болады;

    5) F – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың айлық еңбек ақы төлеу қоры мынадай формула бойынша есептеледі:

    F = БМ * (q + uккр + keж2) + R,

    мұнда:

    uккр – қызмет көрсетуші персоналдың қосымша ақысы мен үстемеақы коэффициенті, 0,03 құрайды;

    keж2 – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес, экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшін қосымша ақы төлеу коэффициенті:

    экологиялық дағдарыс аймақтарда – 0,8;

    экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақтарда – 0,5.

    Егер осы қосымша төлем Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңда көзделмесе, keж2 0–ге тең болады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.