«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 355 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 қазан 2025 ж.

    «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 355 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 355 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. «PSA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мемлекеттік мүлікті бухгалтерлік есепке алуды жүргізу, мұнай-газ жобалары бойынша мердігерлерге берілуге тиіс иелену және пайдалану құқықтарын және мұнай-газ операциялары бойынша шығындар өтелгеннен кейiн мердiгерлер мемлекетке беретiн мүлiктi есепке алу мәселелерін қоспағанда, өнімді бөлу туралы келісімдерде Қазақстан Республикасының мүддесінде әрекет ететін өкілетті орган ретінде айқындалсын.».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.