«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 қазан 2025 ж.

    «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ережеде:

    15-тармақта:

    мынадай мазмұндағы 81-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «81-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен табиғат қорғау және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық су ағызу көлемiн бекітеді;»;

    101) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «101) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесін бекітеді;»;

    мынадай мазмұндағы 101-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «101-1) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді;»;

    мынадай мазмұндағы 206-1), 206-2) және 206-3) тармақшалармен толықтырылсын:

    «206-1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша халыққа қатер төндіретін гидротехникалық құрылысжайлардың тізбесін айқындайды;»

    206-2) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 40-бабына сәйкес жүзеге асырылатын мониторинг нәтижелерін жариялауды қамтамасыз етеді;

    206-3) мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістің бөлігін бюджетке толық және уақтылы аударуын бақылауды жүзеге асырады;».

    2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.