Уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 қазан 2025 ж.

    Уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 142-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтері бекітілсін.

    2. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қала әкімі

    А. Бекет

    Ақтөбе қаласы әкімдігінің

    2025 жылғы « 24 » 10

    № 2282 қаулысына

    қосымша

    Уақытша болу жағдайында бір қызмет алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифтері

    Мекемелердің түрлері
    Қызмет алушылардың түрлері
    Күніне бір қызмет алушының тарифі (теңге)
    Кі­ші тү­рі
    Қыз­мет алушы­ның жағ­дайы
    1
    2
    3
    4
    5
    1.
    Уақытша болу
    бел­гі­лі бір тұр­ғы­лық­ты же­рі жоқ
    7733,49
    түн­гі бө­лім
    540,60
    әле­умет­тік пат­руль қыз­ме­ті
    565,35
    тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық құр­ба­ны
    7713,43
    адам са­уда­сы­ның құр­ба­ны
    10851,83

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.