«2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1255 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 наурыз 2016 ж.

    «2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1255 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, « Халықты жұмыспен қамту туралы » Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және « Халықты жұмыспен қамту туралы » Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне» сәйкес жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1255 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2905 болып тіркелген, 2016 жылы 20 қаңтарда «Жамбыл - Тараз» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    аталған қаулымен бекітілген ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныстағы:

    барлығы деген жолдағы «792» және «756» деген сандар «802» және «772» деген сандармен ауыстырылсын;

    мынадай мазмұндағы реттік нөмері 6, 7 жолдарымен толықтырылсын:

    6
    «Тараз қаласының ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметі» мемлекеттік мекемесі
    Бекітілген аумақтарына санитарлық тазалау жұмыстарына жәрдемдесу
    Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді кесте бойынша
    35571
    жергілікті бюджет
    10
    10
    7
    Жамбыл облысының прокуратурасы
    Мекеме ғимаратына санитарлық және техникалық жұмыстарына жәрдемдесу
    Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді кесте бойынша
    35571 теңге
    жергілікті бюджет
    9
    9
    2. «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» комуналдық мемлекеттік мекемесі (Г.Олжабаева) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
    3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиевке жүктелсін.
    4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қала әкімі

    Н. Календеров

    ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫНА

    КЕЛІСІМ ПАРАҒЫ

    Қаулының атауы: «2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1255 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Келісілді:

    Жамбыл облысы прокурорының

    орынбасары__________________А.Майлыбаев

    «___»_____________2016 жыл

    Келісілді:

    «Жамбыл облысы Тараз қаласының

    қорғаныс істері жөніндегі басқарамасы»

    республикалық мемлекеттік мекемесі

    бастығы____________________Е.Абдуллаев

    «___»_____________2016 жыл

    Келісілді:

    Тараз қаласы Ішкі істер басқармасы

    Жергілікті полиция қызметі

    бастығы____________________Т.Саулебаев

    «___»_____________2016 жыл

    Келісілді:

    Тараз қаласының прокуроры

    ____________________Б.Телеу

    «___»_____________2016 жыл

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.