Жаңа жол ауылының құрамдас бөлігін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабына сәйкес және Жамбыл облысының ономастика комиссиясының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңа жол ауылының Тәңірберген Тәжіұлы 1-бұрылысын Домалақ ана көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі
Д. Алипбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.