Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округі Сарымолдаев ауылының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына және « Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі қорытындысы негізінде және халықтың пікірін ескере отырып, Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округі Сарымолдаев ауылының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:
1) Ращупкин 1 – ші тұйық көшесі – Зеренді тұйық көшесіне;
2) Ращупкин 2 – ші тұйық көшесі – Киелі бұлақ тұйық көшесіне;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі
С. Бабижанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.