«Казахтелеком» Акционерлік қоғамына ВОЛС төсеу және пайдалану үшін жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы
«Казахтелеком» Акционерлік қоғамының өкілі Қуанышев Айдар Қанатбекұлының 2025 жылғы 20 тамыздағы №53 сенімхат негізінде берген өтінішін қарастырып, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19, 67, 69-баптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Казахтелеком» Акционерлік қоғамына ОТБЖ (оптикалық-талшықты байланыс желісі) төсеу және пайдалану үшін Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Секисовка ауылдық округі, Планидовка ауылы, есептік квартал 05-068-052 мекенжайында орналасқан, мемлекеттік меншіктегі 0,2699 га жер учаскесіне 2 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. Жер учаскесін пайдалануға келесі шектеулер қойылсын: инженерлік коммуникациялардың қорғаныс аймақтарын сақтау, сондай-ақ оларды жөндеу және қызмет көрсету үшін кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Секисовка ауылдық округінің әкімі
К. Ракишев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.