Абай облысы мәслихатының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 19/131-VIІI «Абай облысы аумағында тіркелген, Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 қазан 2025 ж.

    Абай облысы мәслихатының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 19/131-VIІI «Абай облысы аумағында тіркелген, Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

    1. «Абай облысы аумағында тіркелген, Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Абай облысы мәслихатының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 19/131-VIІI шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Абай облысы мәслихатының төрағасы

    Ш. Байбеков

    Абай облысы мәслихатының

    2025 жылғы 22 қазандағы

    № 31/207-VIII шешімімен

    бекітілген

    Абай облысы мәслихатының

    2024 жылғы 26 қыркүйектегі

    №19/131-VIII шешімімен

    бекітілген

    Абай облысы аумағында тіркелген, Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы тізбесі

    № п/п
    Аурудың (жағдайдың) атауы
    Азаматтар санаты
    Дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды немесе арнайы емдік өнімдерді тағайындау үшін көрсетілімдер (дәрежесі, сатысы, ағымының ауырлығы)
    Дәрілік заттардың (дәрілік нысан) немесе медициналық бұйымдардың немесе арнайы емдік өнімдердің атауы
    1
    2
    3
    4
    5
    1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
    шеңберіндегі дәрілік заттар
    1
    Идиопатиялық (бастапқы) өкпе гипертензиясы
    Динамикалық байқауда тұрған азаматтардың барлық санаттары
    Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері
    Мацитентан
    Риоцигуат
    Селексипаг
    2
    Жүйелі қызыл жегі
    Динамикалық байқауда тұрған азаматтардың барлық санаттары
    Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері
    Белимумаб
    Ритуксимаб
    3
    Ушыққан өкпелік жүрек туралы ескертілмеген өкпе эмболиясы. Созылмалы тромбоэмболиялық өкпе гипертензиясы
    Динамикалық байқауда тұрған азаматтардың барлық санаттары
    Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері
    Риоцигуат
    4
    Басқа салдарлық гипертензия
    Динамикалық байқауда тұрған азаматтардың барлық санаттары
    Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері
    Силденафил
    5
    Туа біткен жүрек ауруы, Эйзенменгер синдромы
    Динамикалық байқауда тұрған азаматтардың барлық санаттары
    Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері
    Риоцигуат
    Бозентан
    Ривароксабан
    Илопрост
    6
    Жедел промиелоциттік лейкемия
    Динамикалық байқауда тұрған азаматтардың барлық санаттары
    Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері
    Третиноин
    7
    Оптиконевромиелит (Девик ауруы)
    Динамикалық байқауда тұрған азаматтардың барлық санаттары
    Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері
    Ритуксимаб
    8
    Ювенилдік идиопатикалық артрит жүйелік нұсқа
    Динамикалық байқауда тұрған балалар
    Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері
    Адалимумаб
    Тофацитиниб
    Анакинра
    Тоцилизумаб
    9
    Аутоинфламациялық ауру CANDLE синдромы
    Динамикалық байқауда тұрған азаматтардың барлық санаттары
    Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері
    Тофацитиниб
    10
    Анкилозды спондилит
    Динамикалық байқауда тұрған азаматтардың барлық санаттары
    Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері
    Секукинумаб
    11
    Ойық жаралы колит
    Динамикалық байқауда тұрған азаматтардың барлық санаттары
    Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері
    Адалимумаб
    12
    Жүйелі беріштену
    Динамикалық байқауда тұрған азаматтардың барлық санаттары
    Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері
    Бозентан
    Ритуксимаб
    Тоцилизумаб
    13
    Псориаз
    Динамикалық байқауда тұрған азаматтардың барлық санаттары
    Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері
    Гуселькумаб
    14
    Бірнеше эндокриндік бездің зақымдануы
    Динамикалық байқауда тұрған азаматтардың барлық санаттары
    Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері
    Тестостерон
    Гидрокортизон
    15
    Бронхопульмональды дисплазиясы бар және/немесе туа біткен патологиясы бар шала туылған нәрестелер
    Балалар, 28 күннен 18 айға дейін, бронхоөкпе дисплазияның ауыр ағымында немесе гемодинамикалық тұрғыдан маңызды жүректің туа біткен кемістіктері болған жағдайда 2 жасқа дейін
    Ауырлықтың ауыр дәрежесі
    Паливизумаб
    16
    Вегенер гранулематозы
    Динамикалық байқауда тұрған азаматтардың барлық санаттары
    Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері
    Ритуксимаб
    17
    Аорта доғасы синдромы (Такаясу)
    Динамикалық байқауда тұрған азаматтардың барлық санаттары
    Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері
    Тоцилизумаб
    18
    Дерматополимиозит
    Динамикалық байқауда тұрған азаматтардың барлық санаттары
    Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері
    Ритуксимаб
    19
    Драве синдромындағы эпилепсиялық энцефалопатия
    Динамикалық байқауда тұрған балалар
    Жеке көтералмау-шылық жағдайында
    Топирамат (Топамакс), Вальпрой қышқылы (ДепакинХроно)
    20
    Түйінді полиартерит
    Динамикалық байқауда тұрған азаматтардың барлық санаттары
    Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері
    Тоцилизумаб
    Ритуксимаб
    21
    Миастения
    Динамикалық байқауда тұрған азаматтардың барлық санаттары
    Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері
    Азатиоприн
    Метилпреднизолон
    22
    Гломерулярлық ауру, нефротикалық синдром
    Динамикалық байқауда тұрған азаматтардың барлық санаттары
    Рецидив кезінде-толық ремиссиядан кейін жаңадан пайда болған протеинурия немесе ішінара ремиссиядан кейін өсу.
    Ритуксимаб
    2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық бұйымдар
    1
    Буллездік эпидермолиз
    Динамикалық байқауда тұрған азаматтардың барлық санаттары
    Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері
    Медициналық мақсаттағы бұйымдар
    3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі арнайы емдік өнімдер
    1
    Басқа көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз)
    Динамикалық байқауда тұрған азаматтардың барлық санаттары
    Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері
    Мамандандырылған емдік өнімдер
    2
    Целиакия

    Ақуыз – энергетикалық жеткіліксіздікпен бірге жүретін церебральды сал ауруы
    Динамикалық бақылауда тұрған 10 жасқа дейінгі балалар
    Ауырлықтың орташа және ауыр дәрежелері
    Мамандандырылған емдік өнімдер
    5
    Көптеген туа біткен ақаулар (соның ішінде Мобиус синдромы, Бульбар синдромы, мидың ауытқулары және Даун синдромы)
    Динамикалық бақылауда тұрған 10 жасқа дейінгі балалар
    Ауырлықтың орташа және ауыр дәрежелері
    Мамандандырылған емдік өнімдер

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.