Панфилов ауданы әкімдігінің «Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасын бекіту туралы» 2021 жылғы 27 қазандағы № 682 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Панфилов ауданы әкімдігінің «Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасын бекіту туралы» 2021 жылғы 27 қазандағы № 682 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 160019 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
М. Сағымбек
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.