Көктал ауылдық округі Көктал ауылының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 қыркүйек 2025 ж.

    Көктал ауылдық округі Көктал ауылының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4)-тармақшасына сәйкес, тиісті аумақтық халқының пікірін ескере отырып, 2025 жылғы 15 тамыздағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Панфилов ауданы Көктал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Көктал ауылдық округі Көктал ауылының құрамдас бөліктеріне келесі атаулар берілсін:

    1) Атауы жоқ көше – «Жарасбек Бықыбаев көшесі»;

    2) Атауы жоқ көше– «Сембек Қожахметов көшесі»;

    3) Атауы жоқ көше – «Молдахан Мустапаев көшесі»;

    4) Атауы жоқ көше – «Ниязақын Байдилдаев көшесі».

    2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Округ әкімі

    Б. Кадырбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.