Текелі қалалық мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы

    ҚолданыстағыМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Текелі қалалық мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5 - тармағына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2 тармағы 2) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Текелі қалалық мәслихатының «Текелі қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 3-15 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 180908 болып жарияланған);

    2. Текелі қалалық мәслихатының «Текелі қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 сәуірдегі «Текелі қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 3-15 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2023 жылғы 7 тамыздағы № 7-38 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 184957 болып жарияланған) шешімдері жойылсын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Текелі қалалық мәслихатының төрағасы

    Б. Тугулбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.