Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/240 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 қазан 2025 ж.

    Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/240 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/240 қаулысына келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

    аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:

    14 тармақ келесі мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «17-1) жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жылу энергиясы көздерін, жылу желілерін, тұтынушылардың жылу тұтынатын қондырғыларын дайындауды, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуі;»;

    келесі мазмұндағы 18-1), 18-2) және 18-3) тармақшалармен толықтырылсын:

    «18-1) жылу энергетикасы объектілерінің жай-күйі туралы ақпаратты жинауды, жаңартып отыруды және жариялауды жүргізу;»;

    18-2) жылу энергетикасының жай-күйіне мониторингті оның ішінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жылу энергиясының пайдалану сенімділігін, технологиялық және экономикалық қолжетімділігін бағалау бөлігінде жүзеге асыру;»;

    18-3) Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы, энергетика, жылу желілері саласындағы заңнамасын бұзу жөніндегі соттың қарауына қатысу және сотқа жүгіну;».

    2. «Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

    1) Мекеменің құрылтай құжатына енгізілген өзгерістер туралы Алматы қаласының әділет органдарына хабарласын;

    2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін;

    3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

    Алматы қаласының әкімі

    Д. Сатыбалды

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.