Қызылорда облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 сәуір 2026 ж.

    Қызылорда облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 27 және 85-баптарына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын белгілеу Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің 10 шілдедегі №01-04-21-03/8192 хатына сәйкес Қызылорда облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

    1. Қызылорда облысының су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

    2. Қызылорда облысының су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

    3. Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.

    4. «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

    5. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда облысының әкімі

    Н. Нәлібаев

    Қызылорда облысы әкімдігінің

    2025 жылғы «22» қазандағы

    № 201 қаулысына 1-қосымша

    Қызылорда облысының су қорғау аймақтары мен белдеулері

    Су объектілерінің атауы
    Әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауы
    Су қорғау аймағы мен белдеуінің көлемі, гектар
    Су қорғау аймағының ені, метр
    Су қорғау белдеуінің ені, метр
    1
    Сырдария өзені
    Сырдария ауданы
    6962,5
    500
    100
    2
    Сырдария өзені
    Шиелі ауданы
    25979,9
    500
    100
    3
    Сырдария өзені
    Арал ауданы
    29606,17
    1000
    100
    4
    Сырдария өзені
    Қазалы ауданы
    41790,54
    1000
    100
    5
    Сырдария өзені
    Қармақшы ауданы
    54350,27
    1000
    100
    6
    Сырдария өзені
    Жаңақорған ауданы
    17503,46
    500
    35
    7
    Сырдария өзені
    Жалағаш ауданы
    6293,91
    500
    35
    8
    Сырдария өзені
    Қызылорда қаласы
    2733,1
    70-1700
    35
    9
    Арал теңізі
    Арал ауданы Бөген ауылдық округі
    31266,300
    500
    35
    10
    Қарашалаң көлі
    Арал ауданы Бөген ауылдық округі
    3410,42
    500
    35
    11
    Жалаңаш көлі
    Арал ауданы Қосжар ауылдық округі
    1594,03
    500
    35
    12
    Қаязды - Бидайкөл көлі
    Арал ауданы Қосжар ауылдық округі
    1182,88
    500
    35
    13
    Лайкөл көлі
    Арал ауданы Райым ауылдық округі
    1467,75
    500
    35
    14
    Ақшатау - Сорғақ көлі
    Арал ауданы Райым ауылдық округі
    2428,53
    500
    35
    15
    Қаракөл көлі
    Арал ауданы Райым ауылдық округі
    1366,05
    500
    35
    16
    Суықкөл көлі
    Арал ауданы Райым ауылдық округі
    200,09
    500
    35
    17
    Райым көлі
    Арал ауданы Райым ауылдық округі
    725,16
    500
    35
    18
    Алашакөл көлі
    Арал ауданы Райым ауылдық округі
    598,68
    500
    35
    19
    Шөмішкөл көлі
    Арал ауданы Райым ауылдық округі
    638,56
    500
    35
    20
    Құмкөл көлі
    Қазалы ауданы Әйтеке би кенті
    246,11
    500
    35
    21
    Қотанкөл көлі
    Қазалы ауданы Майдакөл ауылдық округі
    2047,04
    500
    35
    22
    Ақкөл көлі
    Қазалы ауданы Тасарық ауылдық округі
    852,37
    500
    35
    23
    Ащыкөл көлі
    Қазалы ауданы Арықбалық ауылдық округі
    371,66
    500
    35
    24
    Қаракөл көлі
    Қазалы ауданы Қызылқұм ауылдық округі
    455,96
    500
    35
    25
    Қуандария көлі
    Қазалы ауданы Тасарық және Сарыбұлақ ауылдық округтері
    15371,106
    500
    35
    26
    Қалғандария көлі
    Сырдария ауданы А. Тоқмағанбетов ауылдық округі
    262,52
    500
    35
    27
    Таушұқырой көлі
    Шиелі ауданы Телікөл ауылдық округі
    401,4
    500
    35
    28
    Алабие көлі
    Шиелі ауданы Талаптан ауылдық округі
    1599,2
    500
    35
    29
    Үлкен барша көлі
    Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылдық округі
    439,4
    500
    35
    30
    Ханқожа көлі
    Шиелі ауданы Жөлек ауылдық округі
    4130,1
    500
    35
    31
    Қараөзек арнасы
    Қызылорда облысы Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандары
    17200,3
    500
    35
    32
    Қалғандария – 200 көлі
    Қызылорда облысы Қызылорда қаласы
    341,9
    500
    35
    33
    Иіркөл көлі
    Қызылорда қаласы
    393,243
    500
    35
    34
    Сасықкөл көлі
    Қызылорда қаласы
    390,503
    500
    35
    35
    Иіркөл көлі (Прудхоз)
    Қызылорда қаласы
    482,587
    500
    35
    36
    Жарықкөл көлі
    Арал ауданы
    3476,122
    500
    35
    37
    Тұщыкөл көлі
    Арал ауданы
    3846,711
    500
    35
    38
    Домалақкөл көлі
    Арал ауданы
    385,083
    500
    35
    39
    Мариямкөл көлі
    Қазалы ауданы
    1988,134
    500
    35
    40
    Томайкөл көлі
    Қазалы ауданы
    852,9
    500
    35
    41
    Жанай №1 көлі
    Қазалы ауданы
    347,801
    500
    35
    42
    9-Құдық-Әлтәй көлі
    Қармақшы ауданы
    1748,243
    500
    35
    43
    Таскөл көлі
    Қармақшы ауданы
    536,352
    500
    35
    44
    Лайкөл көлі
    Қармақшы ауданы
    591,576
    500
    35
    45
    Меңей көлі
    Қармақшы ауданы
    269,977
    500
    35
    46
    Иіркөл көлі
    Жалағаш ауданы
    546,647
    500
    35
    47
    Бәйбіше көлі
    Жалағаш ауданы
    539,992
    500
    35
    48
    Қаракөл көлі
    Жалағаш ауданы
    72,078
    300
    35
    49
    Серкеш көлі
    Жалағаш ауданы
    574,641
    500
    35
    50
    Қазымбет көлі
    Сырдария ауданы
    757,487
    500
    35
    51
    Қаракөл көлі
    Сырдария ауданы
    440,932
    500
    35
    52
    Байсары көлі
    Сырдария ауданы
    303,621
    500
    35
    53
    Итатқан көлі
    Шиелі ауданы
    317,505
    500
    35
    54
    Домалақ көлі
    Шиелі ауданы
    640,232
    500
    35
    55
    Құмшұқырой көлі
    Шиелі ауданы
    452,728
    500
    35
    56
    Өзгент көлі
    Жаңақорған ауданы
    590,644
    500
    35
    57
    Жашыкөл көлі
    Жаңақорған ауданы
    589,578
    500
    35
    58
    Қойлық ата көлі
    Жаңақорған ауданы
    672,161
    500
    35

    Қызылорда облысы әкімдігінің

    2025 жылғы «22» қазандағы

    № 201 қаулысына 2-қосымша

    Қызылорда облысының су қорғау аймақтарын және белдеулерін шаруашылыққа пайдаланудың режимі

    1. Жерүсті су объектілерінде:

    1) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын және оларды алуды, Каспий теңізінің қазақстандық секторында көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды, сондай-ақ кен іздеушілікті, ас тұзын, емдік балшықтар өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге;

    2) радиоактивті және улы заттармен, тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтармен, улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, қатты және сұйық түрдегі мұнай, химия өнімдерімен ластауға және қоқыстауға;

    3) жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды ағызуға;

    4) бекітілген су режимінсіз және арнаулы су пайдалануға рұқсатсыз суды алуға және (немесе) пайдалануға;

    5) ауыл шаруашылығы жануарларын тоғытуға және санитариялық өңдеуге;

    6) бассейндік су инспекциясының келісімінсіз құрылыс қызметіне, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға байланысты жұмыстарды және өзге де жұмыстарды жүргізуге;

    7) пайдаланудан шығарылған (бүлінген) кемелерді және өзге де жүзу құралдарын, көлік құралдарын (олардың тетіктері мен бөліктерін) көмуге тыйым салынады.

    2. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар:

    1) су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникациялары:

    көпірлерді, көпір құрылысжайларын;

    айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін;

    балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды;

    ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды;

    су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;

    2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;

    3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында рұқсат етілген қызмет кірмейді.

    3. Су қорғау аймақтары шегінде:

    1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

    2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;

    3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;

    4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;

    5) зираттарды орналастыруға;

    6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;

    7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.

    Қызылорда облысы әкімдігінің

    2025 жылғы «22» қазандағы

    № 201 қаулысына 3-қосымша

    Қызылорда облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

    1. «Қызылорда облысының Шиелі және Сырдария аудандары аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 283 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5340 болып тіркелген).

    2. «Қызылорда облысының Арал, Қазалы және Қармақшы аудандары аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 284 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5341 болып тіркелген).

    3. «Қызылорда облысының Жаңақорған және Жалағаш аудандары аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 285 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 болып тіркелген).

    4. «Қызылорда облысының Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 720 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5758 болып тіркелген).

    5. «Су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 22 қазандағы № 1247 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6481 болып тіркелген).

    6. «Су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 ақпандағы № 1335 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6702 болып тіркелген).

    7. «Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 194 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8139 болып тіркелген).

    8. «Қызылорда облысының Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 720 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 96 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8605-11 болып тіркелген).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.