Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі Қараөткел ауылының құрамдас бөлігіне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабың 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 14 тамыздағы қорытындысы негізінде Целиноград ауданы Қараоткел ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Қараөткел ауылының 19 шағын ауданындағы шеткі көшесіне Қаппас Керкеев көшесі атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім
Б. Абзалбеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.