Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 65/8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 65/8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 13 қазандағы № 65/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7406-14 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгідеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

    бесінші абзацының 8 - тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

    «2) біржолғы әлеуметтік көмек:

    Қағиданың 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде санаторлық-курорттық емделуге 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде үшінші абзацының 7-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы

    Қ. Кожин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.