«Жақсы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» Жақсы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 18 маусымдағы № а-5/91 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жақсы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» 2025 жылғы 18 маусымдағы № а-5/91 Жақсы ауданы әкімдігінің қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 600-бабының 6-тармағына сәйкес», Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»
2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы онын алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн соң қолданысқа енгізіледі.
А. Қадыралина
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.