«Жекелеген салалардағы зертханалық жабдықтың көлемін (тізбесін) белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 356-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 қазан 2025 ж.

    «Жекелеген салалардағы зертханалық жабдықтың көлемін (тізбесін) белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 356-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Жекелеген салалардағы зертханалық жабдықтың көлемін (тізбесін) белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 356-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22838 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Жекелеген салалардағы пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемін белгілеу туралы»;

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Мыналар:

    1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жекелеген салаларда пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемі белгіленсін.

    Осы тармақшаның бірінші бөлігі сынақ зертханалары (орталықтары) және (немесе) техникалық реттеу объектілеріне техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сынақтар жүргізуді қамтамасыз ететін сәйкестікті растау органдарының сынақ зертханалары (орталықтары) үшін қолданылады;

    2) осы тармақшаның 1) тармақшасында көзделмеген, заңды негізде сәйкестікті растау органының сынақ зертханасына (орталығына) тиесілі, техникалық регламенттердің көрсеткіштері бойынша аккредитация саласында мәлімделген өнімнің сипаттамаларына (көрсеткіштеріне) зерттеулер (сынақтар) жүргізуді қамтамасыз ететін, пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемі 100 (жүз) пайыз мөлшерінде белгіленсін.

    Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан өнімнің сипаттамаларына (көрсеткіштеріне) зерттеулер (сынақтар) жүргізуді қамтамасыз ететін, пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемін есептеу кезінде әрбір техникалық регламент бойынша бөлек саналады.»;

    осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен толықтырылсын;

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Сынақ зертханалары (орталықтары) және (немесе) сәйкестікті растау органдарының сынақ зертханалары (орталықтары) аккредиттеу саласында қамтамасыз етілуін есептеу кезінде анықтау үшін тиісті жабдықты қолдануды қажет ететін объектілердің сипаттамаларын (көрсеткіштерін) ескеру қажет.»;

    3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.»;

    бұйрыққа қосымшада оң жақ жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының

    Сауда және интеграция министрінің

    2021 жылғы 24 мамырдағы

    № 356-НҚ бұйрығына

    2-қосымша».

    2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

    А. Шаққалиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Көлік министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Сауда және интеграция министрінің

    2025 жылғы «___» қазандағы

    №___ бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Сауда және интеграция министрінің

    2021 жылғы 24 мамырдағы

    № 356-НҚ бұйрығына

    1-қосымша

    Жекелеген салалардағы пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемі

    Са­ла­лар
    Өнім ата­уы
    ЕА­ЭО СЭҚ ТН ко­ды*
    Мен­шік құқы­ғы­мен ти­е­сі­лі зерт­ха­на­лық жаб­дық­тар­ды пай­да­ла­ну кө­ле­мі, %
    1
    2
    3
    4
    1
    Кө­лік
    Бір­лі-жа­рым кө­лік құ­рал­да­ры
    87
    95
    2
    Құ­ры­лыс
    Үлес сал­ма­ғы 2,5 неме­се одан көп ес­керт­кіш­тер­ге неме­се құ­ры­лы­сқа ар­нал­ған мәрм­әр, тра­вер­тин неме­се әк­тас туф, эка­ус­син және бас­қа әк­та­стар және ірі ұсақ­тал­ған неме­се ұсақ­тал­ма­ған, ке­сі­л­ген неме­се ке­сіл­ме­ген не бас­қа тә­сіл­мен бл­ок­тар­ға неме­се тікбұ­ры­шты (төрт­бұ­ры­шты­ны қо­са ал­ған­да) пі­шін­ді тақ­та­лар­ға бө­лін­ген але­бастр
    2515
    90
    3
    Құ­ры­лыс
    Ес­керт­кіш­тер­ге неме­се құ­ры­лы­сқа ар­нал­ған өзге, ірі ұсақ­тал­ған неме­се ұсақ­тал­ма­ған, ке­сі­л­ген неме­се ке­сіл­ме­ген не бас­қа тә­сіл­мен бл­ок­тар­ға неме­се тікбұ­ры­шты (төрт бұ­ры­шты­ны қо­са ал­ған­да) пі­шін­ді тақ­та­лар­ға бө­лін­ген гра­нит, пор­фир, ба­зальт, құм­тас және тас
    2516
    90
    4
    Құ­ры­лыс
    2825 та­у­ар по­зи­ци­я­сын­да көр­се­ті­л­ген каль­ций ок­си­ді мен гид­рок­си­ді­нен бас­қа, сөн­ді­ріл­ме­ген, сөн­ді­рі­л­ген және гид­рав­ли­ка­лық әк
    2522
    90
    5
    Құ­ры­лыс
    Бо­ял­ма­ған неме­се бо­я­л­ған, дай­ын неме­се клин­кер­лер пі­ші­нін­де­гі порт­ланд­це­мент, гли­но­зем­дік це­мент, қож це­мент, су­пер­суль­фат­ты це­мент және ұқсас гид­рав­ли­ка­лық це­мент­тер
    2523
    90
    6
    Құ­ры­лыс
    Та­би­ғи та­стан жа­сал­ған тө­сем­тас, жи­ек­та­стар және тө­се­у­ге ар­нал­ған тақ­та­лар (сла­нец­тен бас­қа)
    6801 00 000 0
    90
    7
    Құ­ры­лыс
    Ес­керт­кіш­тер неме­се құ­ры­лыс үшін өң­дел­ген тас (сла­нец­тен бас­қа) және 6801-та­у­ар по­зи­ци­я­сы­ның та­у­ар­ла­ры­нан бас­қа, одан жа­сал­ған бұй­ым­дар; мо­за­и­ка­ға ар­нал­ған ку­бик­тер және та­би­ғи та­стан (сла­нец­ті қо­са ал­ған­да) жа­сал­ған, негі­зін­де­гі неме­се он­сыз ұқсас бұй­ым­дар; жа­сан­ды бо­я­л­ған та­би­ғи та­стан (сла­нец­ті қо­са ал­ған­да) жа­сал­ған түй­ір­шік­тер, үгін­ді­лер және ұн­тақ
    6802
    90
    8
    Құ­ры­лыс
    Тө­се­у­ге ар­нал­ған тақ­та­лар, еден­дер­ге, пеш­тер­ге, ка­мин­дер­ге неме­се қыш қа­быр­ға­лар­ға ар­нал­ған қап­та­уыш тақ­тай­ша­лар; мо­за­и­ка­лық жұ­мыстар­ға ар­нал­ған қыш ку­бик­тер және негі­зін­де­гі неме­се он­сыз ұқсас бұй­ым­дар; әр­леу қыш бұй­ым­да­ры
    6907
    90
    Ескертпе: * – Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.