«Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 220 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 220 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңесінің құрамында:
«Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін кеңесшісі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.Тоқаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.