«Қазақтелеком» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19, 69 баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына, Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімінің 12.09.2025 жылғы (жер учаскесін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасын бекіту туралы) №692 (№KZ11VBG01645834) бұйрығына, Төлеби ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қала құрылыстық қорытындысына және өтінішіне сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:
1.«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы – «Желі» дивизоны» бірлестігіне Ленгір қаласы, Амангелді көшесінің бойынан талшықты оптикалық байланыс желілерін жүргізу үшін жалпы алаңы 0,0658 га жер учаскесін 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешiмнiң орындалу барысын қадағалау қала әкiмi орынбасары Ж.Байзаковқа жүктелсiн.
3. Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкiмі
М.Жұмабаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.