Аягөз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 қазан 2025 ж.

    Аягөз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Абай облысының Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:  

    1. Аягөз аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

    1) «Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 15/290-VIІІ шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 349-18 болып тіркелген) мәслихат шешімі;

    2) Аягөз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 15/290-VIІІ «Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2025 жылғы 31 наурыздағы № 23/424-VIІІ (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 437-18 болып тіркелген) мәслихат шешімі.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аягөз аудандық мәслихат төрағасы

    А. Ибрайшин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.