«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2025 – 2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 1 тамыздағы № 359-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 қазан 2025 ж.

    «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2025 – 2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 1 тамыздағы № 359-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2025 – 2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 1 тамыздағы № 359-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген 3-қосымша осы бұйрықтың қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Білім және ғылым департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

    А. Балаева

    Қазақстан Республикасы

    Мәдениет және ақпарат министрінің

    2025 жылғы «___» қазандағы

    № ____

    бұйрығына қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Мәдениет және ақпарат министрінің

    2025 жылғы «1» тамыздағы

    № 359-НҚ

    бұйрығына 3-қосымша

    Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша 2025-2026 оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі білімі (докторантура) бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бойынша қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілердің (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын) тізбесі

    Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі (докторантура) бар кадрларды даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Коды
    Білім беру бағдарламаларының атауы
    Орындар саны
    Бөлім 1. Докторантура
    Бөлімше 1. «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
    1.
    D028
    Режиссура
    1
    2.
    D029
    Театр өнері
    1
    3.
    D030
    Эстрада өнері
    1
    4.
    D031
    Хореография
    1
    5.
    D033
    Бейнелеу өнері
    1
    6.
    D034
    Өнертану
    2
    7.
    Барлығы
    7
    Бөлімше 2. «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
    8.
    D006
    Музыка педагогтарын даярлау
    1
    9.
    D022
    Музыкатану
    1
    10.
    D023
    Аспаптық орындаушылық
    1
    11.
    D024
    Вокалдық өнер
    1
    12.
    D025
    Дәстүрлі музыкалық өнер
    2
    13.
    D034
    Өнертану
    2
    14.
    D037
    Арт-менеджмент
    1
    15.
    Барлығы
    9
    Бөлімше 3. «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
    16.
    D022
    Музыкатану
    2
    17.
    D023
    Аспаптық орындаушылық
    1
    18.
    D024
    Вокалдық өнер
    1
    19.
    D025
    Дәстүрлі музыкалық өнер
    1
    20.
    D027
    Дирижирлеу
    1
    21.
    D037
    Арт-менеджмент
    1
    22.
    Барлығы
    7
    Бөлімше 4. «Қазақ ұлттық хореография академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
    23.
    D031
    Хореография
    2
    24.
    D034
    Өнертану
    1
    25.
    Барлығы
    3
    26.
    Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бойынша қорытынды
    26

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.