«Петропавл қаласы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 қазан 2025 ж.

    «Петропавл қаласы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі №6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. «Петропавл қаласы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі №6 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Петропавл қалалық мәслихатының төрағасы

    А. Бердағұлов

    Петропавл қалалық мәслихатының

    2025 жылғы 15 қазандағы

    № 4/28 шешіміне

    қосымша

    «Петропавл қаласы мәслихатының аппараты» КММ «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Петропавл қаласы мәслихатының аппараты» КММ «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі төрағасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне (бұдан әрі-үлгілік әдістеме) сәйкес әзірленді және «Петропавл қаласы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мәслихат аппараты) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау тәртібін айқындайды.

    2. Осы әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

    1) басшылық лауазым – өзіне бағынышты бөлімшенің немесе жекелеген қызметшілердің қызметін ұйымдастыруға өкілеттіктер берілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымы;

    2) тікелей басшы – мемлекеттік лауазымы бойынша жоғары тұрған, мемлекеттік қызметші өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес оған тікелей бағынысты болатын адам;

    3) мемлекеттік органның басшысы – Е-2 санатындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі;

    4) бағалаушы адам – тікелей басшы және/немесе құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысы;

    5) бағаланатын адам – өзіне қатысты бағалау жүргізілетін адам;

    6) калибрлеу сессиялары – бағаланатын адамдардың қызметін бағалау нәтижелерін талқылау, ықтимал түзету және бекіту үшін лауазымды адамдардың кездесулері;

    7) бағаланатын кезең – мемлекеттік қызметшінің жұмыс нәтижелері бағаланатын тоқсан.

    3. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы жүргізіледі.

    Автоматтандырылған бағалау жүйесі енгізілген мемлекеттік органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау осы мемлекеттік органдардың ішкі құжаттарында айқындалған ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі.

    Бағалауды бағалаушы адам болмаған жағдайда, оны алмастырушы адам жүргізеді.

    Іссапарға жіберілген адамдарды бағалау қабылдаушы мемлекеттік органмен іссапарда болу кезеңі үшін жүргізіледі.

    Мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімі бойынша оның тікелей бағынысындағы адамдар осы мемлекеттік органның аппарат басшысымен бағалана алады.

    4. Бағалау тоқсан қорытындысы бойынша – есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

    Қорытынды баға күнтізбелік жылдың есепті тоқсандары бойынша «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің орташа бағасы негізінде ақпараттық жүйеде автоматты түрде қалыптастырылады.

    Қорытынды баға есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірілмей қалыптастырылады.

    5. Егер бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бағаланатын лауазымға тағайындалған немесе сайланған күннен бастап бір айдан кем болған жағдайда, оған бағалау жүргізілмейді.

    Бұл ретте бағаланатын кезең қызметшінің нақты жұмыс істеген кемінде он бес жұмыс күнін қамтуы тиіс.

    6. Бағалау мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік органнан жұмыстан шығарылған қызметшілерді бағалау олардың қатысуынсыз 5-тармақта көрсетілген мерзімде жүргізіледі.

    7. Бағалау нәтижелері мынадай саралау бойынша қойылады:

    «Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады»;

    «Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады»;

    «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады»;

    «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады» (қанағаттанарлықсыз баға).

    «Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады» нәтижесіне 4-тен 5 баллға дейін, «Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады» нәтижесіне 3-тен 3,99 баллға дейін, «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады» нәтижесіне 2-ден 2,99 баллға дейін, «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады» нәтижесіне 0-ден 1,99 баллға дейінгі бағалар диапазоны сәйкес келеді.

    8. Бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді лауазымдық міндеттеріне кадр жұмысын жүргізу, оның ішінде ақпараттық жүйе арқылы кіретін құрылымдық бөлімшенің басшысы қамтамасыз етеді.

    9. Бағаланатын қызметші өзінің бағалау нәтижелерін ақпараттық жүйеде, сондай-ақ «Е-қызмет» мобильді қосымша арқылы алады.

    Жұмыстан босатылған адамдарды таныстыру, есепті тоқсаннан кейінгі айдың ішінде, таныстыру тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатты және/немесе телефонограмманы және/немесе жеделхатты және/немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарды жіберу арқылы не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

    10. Бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметші бағалау нәтижелерімен танысқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамға калибрлеу сессиясын өткізу жөнінде еркін нысанда тиісті өтінішпен жүгінеді.

    11. Мемлекеттік қызметші калибрлеу сессиясының шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекспен белгіленген тәртіпте шағымдана алады.

    12. Бағалаумен байланысты құжаттар бағалау аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде персоналды басқару қызметінде және ақпараттық жүйеде сақталады.

    13. Бағалау нәтижелері жасырын ақпарат болып табылады және қызметтік қажеттілікті, сондай-ақ «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік орган осы ақпаратты ашуға міндетті жағдайларды қоспағанда, үшінші адамдарға жария етуге жатпайды.

    14. Бағалау рәсіміне байланысты келіспеушіліктерді барлық мүдделі адамдар мен тараптардың жәрдемдесуімен құрылымдық бөлімшенің басшысықарастырады.

    15. Құрылымдық бөлімшенің басшысы мыналарға жауапты болады:

    1) коммуникациялық хабарламаларды дайындау, бағалау процесіне қатысушыларға консультация жүргізуді қосқанда, қызметті бағалау процесін ұйымдастыру мен сүйемелдеу;

    2) қажет болған жағдайда бағалаушы мен бағаланатын адамдардың кездесуіне қатысу, қызметті бағалау процесінің мәселелері бойынша консультация беру жолымен даулы мәселелерді шешуге көмектесу;

    3) калибрлеу сессияларына дайындық шеңберінде әр қызметкерге ақпарат дайындауды қоса алғанда, калибрлеу сессиясын өткізу;

    4) есепті кезең ішінде олардың қызметін бағалау шеңберінде қажетті құжаттарды толтыру толықтығы мен уақтылы орындалуын, қызметкерлердің қызметіне бағалау жүргізу шеңберінде қызметкерге тиісті хабарламалар жіберу, қажетті есептік жазбаларды жүргізу.

    2-тарау. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау тәртібі

    16. Е-2 санатындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау тікелей басшымен осы әдістеменің 1-қосымшасы на сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

    Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда, басшы лауазымдарды атқаратын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау мемлекеттік органның басшысымен осы әдістеменің 1-қосымшасы на сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

    Өзге тұлғаларды бағалау мемлекеттік органның басшысымен осы Үлгілік әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

    17. Бағалаушы адамға бағалау парағы құрылымдық бөлімшесінің басшысымен ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.

    Бағалаушы адаммен 0-ден 5-ке дейінгі баға қойылады.

    3-тарау. Калибрлеу сессияларын өткізу және кері байланыс ұсыну тәртібі

    18. Бағалау процесіне бірыңғай тәсілді келісу және сақтау мақсатында мемлекеттік органдар осы әдістеменің 10-тармағында көзделген тәртіппен калибрлеу сессияларын өткізеді.

    19. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам қызметшінің өтініші түскен уақыттан бастап үш жұмыс күн ішінде калибрлеу сессиясын өткізу туралы шешім қабылдайды және оның құрамын бекітеді.

    Калибрлеу сессиясының құрамы мүшелердің тақ санынан тұрады. Калибрлеу сессиясы мүшелерінің саны үштен кем болмауы тиіс.

    Нақты калибрлеу сессиясының құрамына бағамен келіспейтін адам, сондай-ақ оны бағалаған адам кірмейді.

    Калибрлеу сессиясы мүшелерінің құрамына бағалаушы тұлғалар (бағалауы калибрлеу сессиясында қаралуға жататын адамды қоспағанда), сондай-ақ лауазымдық міндеттеріне кадр жұмысын жүргізу кіретін құрылымдық бөлімшенің басшысы енгізіледі.

    20. Калибрлеу сессиясы қызметшінің өтініші түскен уақыттан бастап он жұмыс күн ішінде осы әдістеменің 10-тармағында көзделген тәртіппен өткізіледі.

    21. Құрылымдық бөлімшенің басшысы калибрлеу сессиясының қызметін ұйымдастырады.

    22. Калибрлеу сессиясында бағалаушы адам бағаланатын адамның жұмысын қысқаша сипаттайды және өз бағасына дәлел келтіреді.

    Бағаланатын адам калибрлеу сессиясының мүшелеріне жазбаша немесе ауызша нысанда бағалауға өзінің келіспейтіндігін дәлелдеуге құқылы.

    Калибрлеу сессиясының мүшелері бағалаушы адамның бағасын қолдауы немесе бағалауға түзетулер енгізу үшін дәлелдер келтіруі мүмкін.

    Бағалауды түзетулер жоғарылау жағынан да, төмендеу жағынан да енгізілуі мүмкін.

    Қорытынды баға калибрлеу сессиясы мүшелерінің басым дауысымен қабылданады және тиісті хаттамамен рәсімделеді. Құрылымдық бөлімшенің басшысы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде оның ақпараттық жүйеге (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастырылуын қамтамасыз етеді.

    23. Калибрлеу сессиясының нәтижелері бойынша бағалаушы адам бағаланатын қызметшімен кездесу өткізеді және қорытынды бағалау нәтижесі туралы кері байланысты ұсынады.

    Кездесу кезінде мынадай мәселелер талқыланады:

    бағаланатын кезеңдегі жетістіктеріне шолу;

    машықтар мен құзыреттердің дамуына шолу;

    қызметкердің әлеуетін шолу және мансаптық мақсатын талқылау.

    Бағалаушы адам кездесу кезінде ашық және достық қалыптағы диалогты қамтамасыз етеді.

    «Петропавл қаласы мәслихатының

    аппараты» КММ «Б» корпусы

    мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің

    қызметін бағалаудың әдістемесіне

    1-қосымша

    Нысан

    Басшы лауазымды атқаратын адамның бағалау парағы

    (Бағаланатын адамның Т.А.Ә., мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы)

    __________________________________________________________________________

    (Бағаланатын кезең)

    _____________________________________________________________

    (Бағалайтын қызметшінің Т.А.Ә., мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы)

    __________________________________________________________________________

    «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) мақсатында Сізге өз әріптестеріңізді 5 баллдық шкала бойынша бағалауды ұсынамыз.

    Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек.

    Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет.

    Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстылығын арттыра аласыз.

    Па­ра­метр­лер
    Ба­ға­лау (0-ден* 5 бал­л­ға дей­ін)Ба­ға­лау (0-ден* 5 бал­л­ға дей­ін)
    Тү­сі­нік­те­ме (қа­лау бой­ын­ша)
    Тол­ты­ру ке­зін­де тү­сі­нік­те­ме
    1. Же­тек­ші­лік ете­тін бө­лім­ше­лер­де (же­тек­ші­лік ете­тін қыз­мет­ші­лер­дің) мін­дет­тер­дің са­па­лы орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету
    Есеп­ке алы­на­ды: - же­тек­ші­лік ете­тін бө­лім­ше­лер­де­гі мін­дет­тер мен тап­сыр­ма­лар­ды са­па­лы орын­дау; - осы па­ра­метр бой­ын­ша негіз­дел­ген ес­кер­ту­лер­дің, қай­та­ру­лар­дың, ша­ғым­дар­дың неме­се осы па­ра­метр бой­ын­ша мем­ле­кет­тік ор­ган­ның әді­сте­ме­сін­де ай­қын­дал­ған өзге де фак­ті­лер.
    2. Же­тек­ші­лік ете­тін бө­лім­ше­лер­де (же­тек­ші­лік ете­тін қыз­мет­ші­лер­дің) мін­дет­тер­дің орын­да­лу мер­зім­де­рі­нің сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ету
    Есеп­ке алы­на­ды: - орын­да­удың же­дел­ді­гі; - осы па­ра­метр бой­ын­ша құ­жат­тар­ды, тап­сыр­ма­лар­ды, мін­дет­тер­ді орын­дау мер­зім­де­рі­нің бұ­зыл­мауы неме­се осы па­ра­метр бой­ын­ша мем­ле­кет­тік ор­ган­ның әді­сте­ме­сін­де ай­қын­дал­ған өзге де фак­ті­лер.
    3. Көш­бас­шы­лық және ше­шім қа­был­дау дағ­ды­ла­ры
    Есеп­ке алы­на­ды: - ко­ман­да­ны бас­қа­ру­ды және ко­ман­да­лық нәти­же үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті өз мой­ны­на ала бі­лу; - мақ­сат­тар мен мін­дет­тер­ді нақ­ты бел­гі­лей бі­лу; - же­ке мы­сал ар­қы­лы ти­ім­ді қа­рым-қа­ты­нас және оң ко­ман­да­лық кли­мат құ­ру ар­қы­лы ко­ман­да­ны ын­та­лан­ды­ру мүм­кін­ді­гі; - бел­гі­сіз­дік жағ­дай­ын­да ти­ім­ді әре­кет ете бі­лу; - ық­ти­мал тәу­е­кел­дер­ді ес­ке­ре оты­рып, мін­дет­тер­ді ше­шу­дің бір­не­ше нұс­қа­ла­рын ұсы­на бі­лу; - осы па­ра­метр бой­ын­ша мем­ле­кет­тік ор­ган­ның әді­сте­ме­сін­де ай­қын­дал­ған өзге де фак­ті­лер.
    4. Ба­ға­ла­у­шы адам­ның ең­бек тәр­ті­бін сақ­та­уы
    Есеп­ке алы­на­ды: - ке­ші­гу­дің бол­мауы; - се­беп­сіз жұ­мыстан мер­зі­мі­нен бұ­рын шы­ғу­дың бол­мауы; - қыз­мет­тік әдеп бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы; - ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­рын сақ­тау; - мем­ле­кет­тік құ­пи­я­лар­ды қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау; - мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ре­гла­мен­тің сақ­та­луы неме­се осы па­ра­метр бой­ын­ша мем­ле­кет­тік ор­ган­ның әді­сте­ме­сін­де ай­қын­дал­ған өзге де фак­ті­лер.Есеп­ке алы­на­ды: - ке­ші­гу­дің бол­мауы; - се­беп­сіз жұ­мыстан мер­зі­мі­нен бұ­рын шы­ғу­дың бол­мауы; - қыз­мет­тік әдеп бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы; - ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­рын сақ­тау; - мем­ле­кет­тік құ­пи­я­лар­ды қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау; - мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ре­гла­мен­тің сақ­та­луы неме­се осы па­ра­метр бой­ын­ша мем­ле­кет­тік ор­ган­ның әді­сте­ме­сін­де ай­қын­дал­ған өзге де фак­ті­лер.
    5. Тәр­тіп­тік жа­за­лар­дың бол­мауы5. Тәр­тіп­тік жа­за­лар­дың бол­мауы
    Ба­ға­ла­на­тын тоқ­сан­да қол­да­ны­л­ған тәр­тіп­тік жа­за ес­ке­рі­ле­ді. Тәр­тіп­тік жа­за болған жағ­дай­да: - ес­кер­ту, сө­гіс, қа­таң сө­гіс үшін ба­ға 2,99 балл­дан ас­па­уы ке­рек; - жа­за­ның өзге де түр­ле­рі тү­рін­де, оның ішін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке кір кел­ті­ре­тін те­ріс қы­лық­та­ры үшін ба­ға 1,99 балл­дан ас­па­уы ти­іс.
    Ор­та­ша қо­ры­тын­ды ба­ға
    Ескертпе: Орташа қорытынды бағаны есептеу үшін қойылған бағалар сомасын бағаланатын параметрлер санына бөлу керек.
    Бағалаудың 0 баллы қызметші бағалау параметрін толық орындамаған жағдайда қойылады.
    Бағалау нәтижесі: ____________ (функционалдық міндеттерін тиімді атқарады, функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады.
    Қызметшінің бағалау нәтижесі орташа қорытынды бағаның негізінде қойылады.
    Қолы ________________
    (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәләндырылған)
    Күні _________________

    «Петропавл қаласы мәслихатының

    аппараты» КММ « Б» корпусы

    мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің

    қызметін бағалаудың әдістемесіне

    2-қосымша

    Нысан

    Басшы лауазымды атқармайтын адамның бағалау парағы

    (Бағаланатын адамның Т.А.Ә., мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы)

    _________________________________________________________________________

    (Бағаланатын кезең)

    __________________________________________________________________________

    (Бағалайтын қызметшінің Т.А.Ә., мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы)

    __________________________________________________________________________

    «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі - бағалау) мақсатында Сізге өз әріптестеріңізді 5 баллдық шкала бойынша бағалауды ұсынамыз.

    Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек.

    Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет.

    Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстылығын арттыра аласыз.

    Па­ра­метр­лер
    Ба­ға­лау (0-ден* 5 бал­л­ға дей­ін)Ба­ға­лау (0-ден* 5 бал­л­ға дей­ін)
    Тү­сі­нік­те­ме (қа­лау бой­ын­ша)
    Тол­ты­ру ке­зін­де тү­сі­нік­те­ме
    1. Функ­ци­о­нал­дық мін­дет­тер­ді орын­дау са­па­сы
    Осы па­ра­метр бой­ын­ша негіз­дел­ген ес­кер­ту­лер­дің, қай­та­ру­лар­дың, ша­ғым­дар­дың неме­се осы па­ра­метр бой­ын­ша мем­ле­кет­тік ор­ган­ның әді­сте­ме­сіне сәй­кес өзге де кем­ші­лік­тер­дің бол­мауы.
    2. Мін­дет­тер­ді орын­дау мер­зім­де­рін сақ­тау
    Есеп­ке алы­на­ды: - осы па­ра­метр бой­ын­ша құ­жат­тар­ды, тап­сыр­ма­лар­ды, мін­дет­тер­ді орын­дау мер­зім­де­рі­нің бұ­зыл­мауы неме­се осы па­ра­метр бой­ын­ша мем­ле­кет­тік ор­ган­ның әді­сте­ме­сін­де ай­қын­дал­ған өзге де фак­ті­лер.
    3. Дер­бес­тік және ба­ста­ма­шыл­дық
    Есеп­ке алы­на­ды: - қыз­мет­ші­нің функ­ци­о­нал­дық мін­дет­те­рін жо­ға­ры дең­гей­де дер­бес орын­дай алуы; - же­тек­ші­лік ете­тін қыз­мет са­ла­сын жақ­сар­ту­ға ба­ғыт­тал­ған тә­сіл­дер­ді, ұсы­ны­стар­ды пы­сық­та­уда­ғы ба­ста­ма­шыл­дық; - же­тек­ші­лік ете­тін мін­дет­тер­ді ше­шу­ге қа­ты­су және бел­сен­ді­лі­гі; - осы па­ра­метр бой­ын­ша мем­ле­кет­тік ор­ган­ның әді­сте­ме­сін­де ай­қын­дал­ған өзге де фак­ті­лер.
    4. Ең­бек тәр­ті­бін сақ­тау
    Есеп­ке алы­на­ды: - ке­ші­гу­дің бол­мауы; - се­беп­сіз жұ­мыстан мер­зі­мі­нен бұ­рын шы­ғу­дың бол­мауы; - қыз­мет­тік әдеп бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы; - ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­рын сақ­тау; - мем­ле­кет­тік құ­пи­я­лар­ды қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау; - мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ре­гла­мен­тің сақ­та­луы неме­се осы па­ра­метр бой­ын­ша мем­ле­кет­тік ор­ган­ның әді­сте­ме­сін­де ай­қын­дал­ған өзге де фак­ті­лер.
    5. Тәр­тіп­тік жа­за­лар­дың бол­мауы
    Ба­ға­ла­на­тын тоқ­сан­да қол­да­ны­л­ған тәр­тіп­тік жа­за ес­ке­рі­ле­ді. Тәр­тіп­тік жа­за болған жағ­дай­да: - ес­кер­ту, сө­гіс, қа­таң сө­гіс үшін ба­ға 2,99 балл­дан ас­па­уы ке­рек; - жа­за­ның өзге де түр­ле­рі тү­рін­де, оның ішін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке кір кел­ті­ре­тін те­ріс қы­лық­та­ры үшін ба­ға 1,99 балл­дан ас­па­уы ти­іс.
    Ор­та­ша қо­ры­тын­ды ба­ға
    Ескертпе: Орташа қорытынды бағаны есептеу үшін қойылған бағалар сомасын бағаланатын параметрлер санына бөлу керек.
    * Бағалаудың 0 баллы қызметші бағалау параметрін толық орындамаған жағдайда қойылады.
    Бағалау нәтижесі: ____________ (функционалдық міндеттерін тиімді атқарады, функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады).
    Қызметшінің бағалау нәтижесі орташа қорытынды бағаның негізінде қойылады.
    Қолы ________________
    (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәләндырылған)
    Күні _________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.