2025-2026 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025-2026 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
А. Байханов
Павлодар облысы әкімдігінің
2025 жылғы «___» ___________
№ _________ қаулысымен
бекітілді
2025-2026 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы
|
№
|
Кадрларды даярлау бағытының коды мен топтастыруы
|
Кадрларды даярлау бойынша клиникалық мамандықтар атауы
|
Оқыту нысандары бойынша
мемлекеттік
білім беру
тапсырысының
көлемі (орындар, гранттар саны)
|
Бір оқушыны (маманды) оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге
|
|
1
|
В033
Дінтану мамандарын даярлау
|
Теология
|
2
|
1055900
|
|
2
|
В033
Дінтану мамандарын даярлау
|
Исламтану
|
3
|
1055900
|
|
3
|
В003
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
|
Бастауыш білім беру мұғалімі
|
3
|
1008100
|
|
4
|
В005
Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау
|
Дене шынықтыру мұғалімі
|
10
|
1008100
|
|
5
|
В009
Математика мұғалімдерін даярлау
|
Математика мұғалімі
|
3
|
1008100
|
|
6
|
В010
Физика мұғалімдерін даярлау
|
Физика мұғалімі
|
2
|
1008100
|
|
7
|
В017
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
|
Орыс тілі мұғалімі
|
7
|
1008100
|
|
Барлығы:
|
30
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.