Жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына сәйкес, Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «БИДЖИПИ» Геофизикалық қызметтер (Қазақстан)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округінің «Батыс Жарқамыс ІІ» учаскесінен жалпы алаңы 941,68 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 1 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Байғанин ауданының әкімі
А. Купенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.