Жария сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 қазан 2025 ж.

    Жария сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына сәйкес, Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінің жерүсті объектілерін салу үшін Байғанин ауданы Жаңажол ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы алаңы 512,4564 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 5 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Байғанин ауданының әкімі

    А. Купенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.