Қобда ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 қазан 2025 ж.

    Қобда ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 141, 142-баптарына және «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес бір қызмет алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифтері бекітілсін.

    2. «Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    І. Тынымгереев

    Қобда ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы «13» 10

    № 370 қаулысына қосымша

    Бір қызмет алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифтері

    Ме­ке­ме түр­ле­рі
    Кү­ніне бір қыз­мет алушы­ның та­ри­фі, тең­ге­мен
    1
    Үй­де қыз­мет көр­се­ту жағ­дай­ын­да
    4664,90
    2
    Жар­ты­лай ста­ци­о­нар жағ­дай­ын­да
    8081,40

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.