«Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 қазан 2025 ж.

    «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:

    ескертпеде алтыншы жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «****** орта, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар үшін интернаттар мен жатақханалар салу бойынша мемлекеттік заттай грант түрінде инвестициялық преференция алуға ғана қатысты;».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.