«Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 қазан 2025 ж.

    «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    1) көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сәйкестік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

    6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Осы Стандартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

    1) өлшемшарттар – негізделген және қолжетімді эталондық нормалар, көрсеткіштер, олардың негізінде мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің оларды іске асыру үшін қабылданған актілерін сақтауы тексеріледі;

    2) базалық өлшемшарттар – сәйкестік аудитінің бағыттарына қарамастан, мемлекеттік аудит объектісін заңдылығы, анықтығы, адалдығы тұрғысынан бағалау және тексеру кезінде пайдаланылатын көрсеткіштер.

    7. Сәйкестік аудитінің мақсаты мемлекеттік аудит объектісінің бюджет қаражатының түсуін қамтамасыз ету және бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, сондай-ақ бюджеттен тыс қорларды пайдалану кезінде мемлекеттік аудит объектісі қызметінің саласын реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің оларды іске асыру үшін қабылданған актілерін сақтауы туралы пікірдің негізді түрде білдірілуі болып табылады.»;

    8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) ұсынымдардың орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру арқылы сәйкестік аудитінің қорытындыларын іске асыру болып табылады.»;

    11-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттарды мониторингтеу.»;

    13-тармақ мынадай редацияда жазылсын:

    «13. Мемлекеттік аудит объектісін алдын ала зерделеу барысында зерделенетін мәселелердің үлгілік тізбесі осы Стандартқа қосымшада келтірілген.

    Аудиторлық іріктеме рәсімдері, сәйкестік аудитінің бағыттары бойынша аудиторлық мәселелер мен өлшемшарттардың үлгілік тізбесі, сондай-ақ тәуекелдерді бағалауға байланысты факторлардың мысалдары осы Стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылықта келтірілген.»;

    15-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

    2) анықтық – мемлекеттік аудит объектісі жасайтын есептерде, ақпаратта және құжаттарда көрсетілген немесе ұсынылған деректердің нақты жай-күйіне (әрекетіне/әрекетсіздігіне) сәйкес анықтығы, дәлдігі және толықтығы.

    3) адалдық – әдеп нормаларын, транспаренттілік қағидатын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдау.»;

    19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «19. Мемлекеттік аудиторлар қолданылуы жоспарланып отырған өлшемшарттардың аудит нысанасын толық көлемде анық көрсетуін қамтамасыз етуге тиіс. Аудит бағдарламасына сәйкес аудит көлемі шектелген және заңнаманың кейбір салаларын ғана қамтуы мүмкін жағдайларда, мемлекеттік аудит саласындағы мұндай шектеулер мемлекеттік аудитордың есебінде нақты көрсетілуге тиіс.»;

    26-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

    «6) ашықтық, есептілік қағидаттарын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету.»;

    51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «51. Мемлекеттік аудит объектілерінің әрқайсысы бойынша жүргізілген сәйкестік аудитінің нәтижелері Қағидаларда айқындалған тәртіппен және нысан бойынша аудиторлық есеппен ресімделеді.»;

    53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «53. Сәйкестік аудитінің қорытындылары бойынша аудиторлық қорытындыны және нұсқамаларды жасау, ресімдеу, сондай-ақ аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдардың, нұсқаманың орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру тәртібі Қағидаларда айқындалған.

    54. Мемлекеттік аудиторлар аудит барысында жасайтын құжаттардың сапасына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан бақылау жүргізу тәртібі Қағидаларда және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) айқындалған.»;

    Сәйкестік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына қосымша осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    2) көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитті және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тарту бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

    7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Мемлекеттік аудитті немесе сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу кезінде тартылатын Сарапшылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасын, оның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.»;

    мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

    «7-1. Сарапшылар мемлекеттік аудит немесе сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге негізгі қызметінен қол үзіп немесе ішінара қол үзіп (оның ішінде қашықтықтан қатысу) тартылады.

    Егер Сарапшы ретінде заңды тұлғаның маманы тартылса, оның қатысуы тиісті заңды тұлғаның басшысымен келісіледі.»;

    9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Сарапшыларды сыртқы мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуге тартудың қажеттілігі:

    1) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) аудиторлық іс-шара жүргізуге арналған өтінім жасауы;

    2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру;

    3) мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу;

    4) сараптамалық-талдау іс-шарасына сарапшыларды тарту үшін Жоғары аудиторлық палатаның және тексеру комиссияларының тиісті жылға арналған жұмыс жоспарын қалыптастыру;

    5) аудиторлық іс-шараны жүргізу барысы кезінде айқындалады.»;

    19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «19. Қорытындыны дайындаған Сарапшылар Қорытындыға қол қояды және әр парағын дәйектейді. Егер Сарапшылар ретінде заңды тұлға қатысатын болса, Қорытындыны Сарапшылар дәйектейді және оған қол қояды, заңды тұлғаның басшысы мөр (болған жағдайда) баса отырып, қол қояды. Мемлекеттік аудит немесе сараптамалық талдау іс-шарасын жүргізуге Сарапшы қатысқан жағдайда соңғы парақта Сарапшылардың қызметті жүзеге асыруына рұқсат еткен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісінің лауазымды адамдарының лауазымдары, тегі, аты мен әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі.

    Сарапшының тұжырымдары немесе ұсынымдары аудиторлық есепте ескерілмеген жағдайда, қорытындыға Сарапшының ерекше пікірі қоса беріледі.».

    2. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы аппаратының Халықаралық ынтымақтастық және әдіснама департаменті:

    1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының интернет-ресурсына орналастырылуын заңнамада берілген тәртіппен қамтамасыз етсін.

    3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының аппарат басшысына жүктелсін.

    4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы

    А. Смаилов

    Қазақстан Республикасының

    Жоғары аудиторлық

    палатасының

    2025 жылғы 10 қазандағы

    № 12-НҚ

    Нормативтік қаулыға

    қосымша

    Сәйкестік аудитін жүргізу

    бойынша сыртқы мемлекеттік

    аудиттің және қаржылық

    бақылаудың рәсімдік

    стандартына

    қосымша

    Мемлекеттік аудит объектісінің қызметін алдын ала зерделеу барысында зерделенетін мәселелердің үлгілік тізбесі*

    Мә­се­ле­лер
    Ақ­па­рат көз­де­рі
    1
    2
    1. Сәй­кест­ік ауди­ті (жал­пы мә­се­ле­лер)**
    Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­сі­нің қыз­ме­ті
    Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер, ақ­па­рат­тық-құқық­тық жүй­е­лер
    Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­сі­нің құ­ры­л­тай құ­жат­та­ры (Ере­же, Жар­ғы және мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­сі­нің қыз­ме­тін ре­гла­мент­тей­тін құ­жат­тар), бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­ле­рі қыз­ме­ті­нің пас­пор­ты
    Аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі мен ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты ұй­ым­да­рын қо­са ал­ған­да, мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­сі­нің құ­ры­лы­мы
    Құқық қор­ғау және (неме­се) ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ор­ган­да­ры­ның құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тар­ды алып қо­юы
    Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­сі бой­ын­ша ал­дың­ғы ауди­тор­лық іс-ша­ра­ның нәти­же­ле­рі
    Мем­ле­кет­тік аудит ор­га­ны­ның ауди­тор­лық есеп­те­рі, қа­улы­ла­ры және ауди­тор­лық іс-ша­ра­ның қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­сі қа­был­да­ған ша­ра­лар
    Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­сі­нің іш­кі аудит қыз­ме­ті­нің жұ­мысы
    Іш­кі аудит қыз­ме­ті ту­ра­лы ере­же, ауди­тор­лық іс-ша­ра­лар­дың жыл­дық жос­па­ры, іш­кі аудит нәти­же­ле­рі ту­ра­лы есеп­тер, іш­кі аудит қыз­мет­те­рі­нің жұ­мысы ту­ра­лы жиын­тық ақ­па­рат (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің тоқ­сан сай­ын­ғы ақ­па­ра­ты)
    Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сі­нің бюд­жет­ті уа­қы­ты­лы және са­па­лы орын­да­уы
    Ти­іс­ті есеп­ті жы­лы рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің ат­қа­ры­луы ту­ра­лы жыл­дық есеп (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің ақ­па­ра­ты), мін­дет­те­ме­лер бой­ын­ша қар­жы­лан­ды­ру­дың жиын­тық жос­па­ры, мін­дет­те­ме­лер мен тө­лем­дер бой­ын­ша қар­жы­лан­ды­ру­дың же­ке жос­па­ры, бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сі­нің бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­сы­ның пас­пор­ты
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық да­му жос­па­ры, ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­ті­ле­рі­нің мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­сіне қа­ты­сты бө­лі­гін­де да­му жос­пар­ла­ры (іс-ша­ра­лар жос­па­ры), мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың да­му жос­па­ры
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық да­му жос­па­ры­ның (іс-ша­ра­лар жос­пар­ла­ры­ның), ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­ті­ле­рі­нің мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­сіне қа­ты­сты бө­лі­гін­де да­му жос­пар­ла­ры­ның (іс-ша­ра­лар жос­пар­ла­ры­ның), мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың да­му жос­пар­ла­ры­ның орын­да­луы ту­ра­лы есеп­тер
    Мем­ле­кет­тік са­тып алу­ды өт­кі­зу тә­сіл­де­рі, та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің но­мен­кла­ту­ра­сы, бюд­жет­тен бө­лін­ген қа­ра­жат ше­гін­де та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді жет­кі­зу мер­зім­де­рі
    Мем­ле­кет­тік са­тып алу­дың жыл­дық жос­па­ры, мем­ле­кет­тік са­тып алу­дың нақ­ты­лан­ған жос­па­ры (ақ­па­рат­тық жүй­е­лер)
    Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­сі ту­ра­лы жи­нақ­тал­ған ақ­па­рат
    Тек­се­рі­ле­тін мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­сі­нің ақ­па­рат­тық ба­за­ла­ры, ре­сми ста­ти­сти­ка­лық де­ректер, бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­ры­ның де­ректе­рі
    Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­ле­рі­нің ла­у­а­зым­ды адам­да­ры­ның әре­кет­те­ріне (әре­кет­сіз­ді­гіне) қа­ты­сты өті­ніш­те­рі (ша­ғым­да­ры) (болған кез­де)
    Ескертпе:
    *Аталған тізбе толыққанды болып табылмайды. Аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында қосымша құжаттар және (немесе) ақпарат сұратылуы мүмкін.
    ** Алдын ала зерделеу кезінде жалпы мәселелер, сондай-ақ мемлекеттік аудиттің мақсатына байланысты сәйкестік аудитіне қатысты мәселелер зерделенеді.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.