«Теле, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 қазан 2025 ж.

    «Теле, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20296 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

    5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Көрсетілетін қызметті алушы теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия алу үшін құжаттардың толық топтамасын берген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде құжаттар мен мәліметтер нысанын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес профилактикалық бақылау жүргізу жолымен біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды. Профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия қалыптастырады.»;

    4-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасы на сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    осы бұйрықтың 2-қосымшасы на сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

    А. Балаева

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Мәдениет және ақпарат

    министрі

    2025 жылғы 15 қазандағы

    № 560-НҚ

    Бұйрыққа 1-қосымша

    «Теле-, радиоарналарды тарату

    жөніндегі қызметпен айналысуға

    лицензия беру»

    мемлекеттік қызмет көрсету

    қағидаларына

    4-қосымша

    «Те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­ды та­ра­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға ли­цен­зия бе­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты (мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы)
    1
    Қыз­мет көр­се­ту­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі­нің Ақ­па­рат ко­ми­те­ті
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және нәти­же­лер­ді бе­ру www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz. «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    Көр­се­ту мер­зі­мі – 11 (он бір) жұ­мыс кү­ні.
    Қай­та ре­сім­деу мер­зі­мі - 11 (он бір) жұ­мыс кү­ні.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі – те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­ды та­ра­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға ли­цен­зия бе­ру (бұ­дан әрі – ли­цен­зия) не осы Қа­ғи­да­лар­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да және негіз­де­ме­лер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уәжді жа­у­ап. Пор­тал­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уәжді жа­у­ап көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы­ның элек­трон­дық цифр­лық қо­лы (бұ­дан әрі– ЭЦҚ) қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да «же­ке ка­би­не­тіне» жол­да­на­ды.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Са­лық ко­дек­сі 616-ба­бы­ның 4-тар­ма­ғы­на сәй­кес мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін мөл­шер­ле­ме­ле­рі:
    1) те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­ды та­ра­ту жө­нін­де­гі қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін 6 (ал­ты) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ті;
    2) ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін – ли­цен­зия бе­ру ке­зін­де­гі мөл­шер­ле­ме­нің 10-ын құ­рай­ды.
    Ақы тө­леу екін­ші дең­гей­лі банк­тер және банк­тік опе­ра­ци­я­лар­дың же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын
    ұй­ым­дар ар­қы­лы қол­ма-қол ақ­ша­лай неме­се қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да жүр­гі­зі­ле­ді, сон­дай-ақ пор­тал ар­қы­лы ақы тө­ле­уді «элек­трон­дық үкі­мет»
    тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі – ЭҮТШ) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ру­ға бо­ла­ды.
    7
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
    1) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш жа­са­ған кез­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13:00-ден 14:30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9:00-ден 18:30-ға дей­ін. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту үшін ме­кен­жай­лар Ми­ни­стр­лік­тің www.​mam.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін Қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    1) ли­цен­зия алу үшін: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш (сұ­рау са­лу); осы
    Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­да көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер ны­са­ны;
    тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зін­де ха­лық­ты ха­бар­дар ету­ді ұй­ым­да­сты­ру схе­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (5-қо­сым­ша­ға сәй­кес);
    те­ле­ра­дио ха­бар­ла­рын та­ра­ту же­лі­сін (эфир­лік, кә­біл­дік, спут­ник­тік же­лі­лер үшін) ұй­ым­да­сты­ру схе­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (5-қо­сым­ша­ға сәй­кес);
    спут­ник­тік опе­ра­тор ұсын­ған спут­ник­тік қа­был­дау-та­ра­ту стан­ци­я­ла­ры­ның же­лі­сін­де пай­да­ла­ны­ла­тын транс­мис­си­я­лық жос­пар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (спут­ник­тік бай­ла­ныс ар­на­ла­рын пай­да­лан­ған жағ­дай­да);
    мет­ро­ло­ги­я­лық си­патта­ма­ла­рын көр­се­те оты­рып, қол­да­ны­ла­тын өл­шеу құ­рал­да­ры мен сы­нақ жаб­дық­та­ры тіз­бе­сі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    өл­шем құ­рал­да­рын және сы­нақ жаб­дық­та­рын (те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар же­лі­сін пай­да­ла­на оты­рып қыз­мет­тер көр­сет­кен жағ­дай­да сы­нақ жаб­дық­та­рын өл­шеу құ­рал­да­ры та­лап етіл­мей­ді) тек­се­ру­ді неме­се мет­ро­ло­ги­я­лық ат­те­стат­та­уды рас­тай­тын сер­ти­фи­кат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    2) ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін: өті­ніш­ті өті­ніш бе­ру­ші өзге­рі­стер туын­да­ған сәт­тен ба­стап күн­тіз­бе­лік 30 (отыз) күн ішін­де бе­руі ти­іс. Қыз­мет тү­рі­нің және (неме­се) кі­ші тү­рі­нің ата­уы;
    же­ке тұл­ға­ның; да­ра кә­сіп­кер­дің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де), оның ата­уы мен ме­кен­жайы өзгер­ген; заң­ды тұл­ға­ның бі­рі­гу, қо­сы­лу, бө­лі­ніп шы­ғу неме­се қай­та құ­ру ны­са­нын­да;
    заң­ды тұл­ға­ның ата­уы және (неме­се) заң­ды ме­кен­жайы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу ту­ра­лы өті­ніш (сұ­рау са­лу) өзгер­ген жағ­дай­лар­да.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді, ақы тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    9
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­де­ме­лер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
    2) атал­ған субъ­ек­ті­лер са­нат­та­ры үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да тый­ым са­лын­ған қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­су;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы;
    4) масс-ме­диа са­ла­сын­да қыз­мет­пен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ли­цен­зи­я­лық алым­ның тө­лен­бе­уі;
    5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты масс-ме­диа жө­нін­де­гі қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға тый­ым са­ла­тын заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
    6) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы;
    7) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ве­сти­ци­я­лар және да­му ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2015 жы­л­ғы 20 қаң­тар­да­ғы № 29 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 10357 бо­лып тір­кел­ген) масс-ме­диа са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­ті ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на және олар­дың сәй­кест­і­гін рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сіне сәй­кес кел­ме­уі мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз бо­лып та­бы­ла­ды.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала­ды. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры www.​mam.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де көр­се­ті­л­ген, мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.

    Қазақстан Республикасының

    Мәдениет және ақпарат министрі

    2025 жылғы 15 қазандағы

    № 560-НҚ

    Бұйрыққа 2-қосымша

    «Теле, радиоарналарды

    тарату жөніндегі қызметпен

    айналысуға лицензия беру»

    мемлекеттік қызмет көрсету көрсету

    Қағидаларына

    5-қосымша

    Төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасы

    Телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасы (эфирлік / кабельдік / спутниктік желілер үшін)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.