2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тарифін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 қазан 2025 ж.

    2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тарифін бекіту туралы

    «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тариф осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Қостанай ауданының әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

    2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    О. Нургалиев

    Қостанай ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы «___» қазандағы

    № ____ қаулысына

    қосымша

    Қостанай ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы «___» қазандағы

    № ____ қаулысымен

    бекітілді

    2025 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифі

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы
    Қызмет түрі
    Айына 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)
    Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)
    1
    «Қостанай ауданы әкімдігінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    Үйде
    57407,10
    2609,41
    «2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тарифін бекіту туралы» Қостанай ауданы әкімдігінің қаулысына КЕЛІСУ ПАРАҒЫ

    Әкімдік мүшелері:

    ________________ К. Абишев

    ________________ Д. Есмагамбетов

    ________________ Б. Сейдахметов

    ________________ Д. Бугетбаев

    ________________ М. Бокишев

    ________________ И. Хамзина

    «Қостанай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құжаттамалық қамтамасыз ету және өтініштердің қаралуын бақылау бөлімінің басшысы
    ___________________ Г. Мукашева
    «Қостанай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы
    _______________________ А. Финк
    Келісілді
    Қостанай ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
    ____________________ С. Касымова
    2025 жылғы «___» қазан
    Келісілді
    «Қостанай ауданы әкімдігінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
    ____________________ Н. Зейнелова
    2025 жылғы «___» қазан

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.