Мәртөк ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 қазан 2025 ж.

    Мәртөк ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Мәртөк ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. «Мәртөк ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 206 «Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 46 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8098 тіркелген) күші жойылды деп танылсын).

    3. «Мәртөк аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі нұсқасын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қамтамасыз етсін;

    4. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәртөк ауданы әкімі

    М. Ысқақов

    Мәртөк ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы «8» қазандағы

    № 219 қаулысына

    қосымша

    Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері

    № р/с
    Ав­то­жол­дың ин­дек­сі
    Ав­то­жол­дың ата­уы
    Жал­пы ұзынды­ғы, ша­қы­рым
    1
    KD-МА-1
    «Мәр­төк-Дмит­ри­ев­ка-Бай­то­рас­ай-Пол­тав­ка» 0-44,275 км
    44,275
    2
    KD- МА -2
    «Мәр­төк-Ақ­тө­бе тас жо­лы­нан Воз­не­се­нов­ка-Жа­ңа­жол» 0-33 км
    33
    3
    KD- МА -3
    «Бай­то­рас­ай-Шев­чен­ко-Қы­зы­л­жар-Бөр­те» 0-43,825 км
    43,825
    4
    KD- МА -4
    «До­стық ауы­лы­на кі­ре бе­ріс» 0,12 км
    12
    5
    KD- МА -5
    «Мәр­төк-Қа­ра­та­у­сай-Ақ­қай­ың» 0-44 км
    44
    6
    KD- МА -7
    «Құр­ман­сай-Шан­ды-Егі­за­та» 0-39 км
    39
    7
    KD- МА -8
    «Құр­ман­сай ауы­лы­на кі­ре бе­ріс» 0-28,315 км
    28,315
    8
    KD- МА -9
    «По­кров­ка ауы­лы­на кі­ре бе­ріс» 0-9,1 км
    9,1
    9
    KD- МА -10
    «Мәр­төк-Ақ­тө­бе тас жо­лы­нан Қа­ра­то­ғай ауы­лы­на кі­ре бе­ріс» 0-6 км
    6
    10
    KD- МА -11
    «Мәр­төк ауы­лы­на кі­ре бе­ріс» 0-6 км
    6
    11
    KD- МА -13
    «Са­ры­жар ауы­лы­на кі­ре бе­ріс» 0-4,56 км
    4,56
    Барлығы
    270,075

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.