«Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін белгілеу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 12609 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 қыркүйек 2025 ж.

    «Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін белгілеу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 12609 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

    1. «Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін белгілеу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 12609 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6675 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

    аталған қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «2. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.».

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда қаласының әкімі

    Н. Ахатов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.