Абай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
«Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/8-VIII (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 256-18 болып тіркелген) шешімі;
«Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/8-VIIІ «Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2024 жылғы 8 қазандағы № 19/6-VIII (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 356-18 болып тіркелген) шешімі;
«Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/8-VIIІ «Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2025 жылғы 28 наурыздағы № 25/8-VIII (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 434-18) болып тіркелген шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы
М. Нұрсұлтанұлы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.