Үлкенбөкен ауылдық округінің Ақтас, Жансары ауылдарының көшелерінің атауларын өзгерту туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 қазан 2025 ж.

    Үлкенбөкен ауылдық округінің Ақтас, Жансары ауылдарының көшелерінің атауларын өзгерту туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы», 2015 жылғы 12 кыркүйектегі Абай облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы және Ақтас, Жансары ауылдарының тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІ:

    1. Үлкенбөкен ауылдық округіне қарасты Ақтас және Жансары ауылдарының көшелерінің атауы өзгертілсін:

    Ақтас ауылындағы: №1 көшесі «Жуалы»көшесі;

    Жансары ауылындағы : №1 көшесі «Ахмет Байтұрсынов» көшесі деп атау берілсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ауылдық округ әкімі

    Е. Жотабаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.