Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаЖарлық
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 қазан 2025 ж.

    Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

    1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    1) «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында:

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның лауазымдық құрамында:

    «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары» деген жол алып тасталсын;

    «Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, төрағаның орынбасары» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

    «Қазақстан Республикасы Президентінің өңірлік саясат мәселелеріне жетекшілік ететін кеңесшісі, төрағаның орынбасары»;

    «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің әкімшілік реформа және мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

    «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары»;

    «Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі» деген жол алып тасталсын;

    2) «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

    «Мемлекеттік саяси лауазымдар» деген 1-тарауда:

    «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, оның бірінші орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, оның бірінші орынбасары мен орынбасары»;

    «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, оның орынбасарлары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, оның бірінші орынбасары және орынбасарлары»;

    3) «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығында:

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:

    «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары»;

    «Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Президентінің өңірлік саясат мәселелеріне жетекшілік ететін кеңесшісі»;

    4) қызмет бабында пайдалану үшін.

    2. Осы Жарлық 2025 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) және 3) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Президенті

    Қ. Тоқаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.