Байзақ ауданы Үлгілі ауылдық округінің Үлгілі ауылының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 - бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 12 мамырдағы қорытындысы негізінде Үлгілі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байзақ ауданы Үлгілі ауылдық округінің Үлгілі ауылының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Жақыпбай көшесінің 2- тұйық көшесін Тәуелсіздік тұйық көшесіне;
Жақыпбай көшесінің 3- тұйық көшесін Бауыржан Момышұлы тұйық көшесіне;
Жақыпбай көшесінің 5-тұйық көшесін Домалақ ана тұйық көшесіне;
Жақыпбай көшесінің 6-тұйық көшесін Қайнар тұйық көшесіне;
Массив Үлгілі 1-тұйық көшесін Медеу тұйық көшесіне;
Массив Үлгілі 2-тұйық көшесін Тұмар тұйық көшесіне;
Қ.Ысмайлов көшесінің 3-тұйық көшесін Жақсылық Үшкемпіров тұйық көшесіне;
Қ.Ысмайлов көшесінің 4-тұйық көшесін Байзақ батыр тұйық көшесіне;
Қ.Ысмайлов көшесінің 5-тұйық көшесін Шерхан Мұртаза тұйық көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үлгілі ауылдық округінің әкімі
М. Досмұратов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.