Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 25 қыркүйек 2025 ж.
Науырзым ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 30 «Науырзым ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысының күшін жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Науырзым ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 30 «Науырзым ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (Құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 7676 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі
М. Ихтиляпов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.