Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 және «Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 347 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 қыркүйек 2025 ж.

    Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 және «Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 347 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20836 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымшада:

    6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    6
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ке­зін­де алы­на­тын тө­лем
    Же­ке сот орын­да­у­шы­сы қыз­ме­ті­мен ай­на­лы­су­ға ли­цен­зия бе­ру және қай­та ре­сім­деу үшін қыз­мет­тің же­ке­ле­ген түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін ли­цен­зи­я­лық алым 2025 жы­л­ғы 18 шiл­де­де­гi Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Са­лық ко­дек­сі­нің 616 - ба­бы­на сәй­кес алы­на­ды:
    1) ли­цен­зия бе­ру – 6 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш;
    2) ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу – ли­цен­зия бе­ру ке­зін­де­гі мөл­шер­ле­ме­нің 10%.
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет үшін ақы тө­леу қол­ма-қол және (неме­се) төлем­нің мөл­ше­рі мен кү­нін рас­тай­тын құ­жат (тү­бір­тек) бе­ре­тін екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар, не ЭҮТШ ар­қы­лы қол­ма-қол ақ­ша­сыз есеп ай­ы­ры­су бой­ын­ша жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    ».
    2. «Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21235 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидаларының 10-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
    «6) конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан бұрын емес берілген үш айдан астам (төлеу мерзімі 2025 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ екені туралы не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің бар екендігі туралы тиісті мемлекеттік кіріс органының белгіленген нысандағы анықтамасын;».
    3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
    5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Қазақстан Республикасы Әділет министрі

    Е. Сарсембаев

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.