«Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 қазан 2025 ж.

    «Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 111 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16387 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 133-бабы 10-тармағына, 187-бабы 3-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 132-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешектің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 133-бабы 10-тармағына, 187-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 132-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешектің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өткізу тәртібін айқындайды.»;

    2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) компания – Салық кодексінің 3-бабы 4) тармақшасына және Кодекстің 3-бабы 1-тармағының 56) тармақшасына сәйкес айқындаған уәкілетті заңды тұлға;»;

    көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымша осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    М. Такиев

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 6 қазандағы

    № 578

    Бұйрыққа 1-қосымша

    Салық төлеуші және (немесе)

    үшінші тұлға кепілге қойған

    мүлікті, сондай-ақ салық

    төлеушінің (салық агентінің)

    билік етуі шектелген мүлкін –

    салық берешегі есебіне,

    төлеушінің – кедендік төлемдер,

    салықтар бойынша берешектің,

    арнайы, демпингке қарсы, өтем

    баждардың, өсімпұлдардың,

    пайыздың есебіне өткізу

    қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    Кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің бар және (немесе) жоқ екені туралы акт

    20__ жылғы «__» _______ № ______ _____ жылғы «__» __________ № ______________

    шарт негізінде әрекет ететін ________________________________________________________

    компаниясының атынан ___________________________________________________________

    бірінші тараптан (тегі, аты, әкесінің аты (ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) (тегі, аты және әкесінің аты)) және _____________________________

    атынан __________________________________________________ бағалаушы екінші тараптан

    борышкердің және (немесе) үшінші тұлғаның қатысуымен салық төлеушінің (салық

    агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы мемлекеттік кірістер

    органының 20__жылғы «___» ________________ қаулысына және (немесе) кепіл мүлкі туралы

    шартқа сәйкес

    ___________________________________________________________________ (салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің атауы және (немесе) тегі, аты және әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН), e-mail

    және банк деректемелері) мүлкін өткізу мақсатында кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің бар және (немесе) жоқ екені

    туралы осы (қажетінің асты сызылсын) актіні жасады.

    Тізімдеме актісіне және (немесе) 20 ___ жылғы «___» ___________ № ______________

    кепіл мүлкі туралы шартқа қосымшаға сәйкес тізімделген және (немесе) кепілге салынған

    мүліктің тізбесі:

    Мүліктің атауы
    Саны (дана)
    Тізімдеме актісі бойынша құнының жиыны
    Мүліктің нақты болуы немесе болмауы ия/жоқ
    Мүліктің орналасқан жері
    Ескертпе
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    Кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің бар және (немесе) жоқ екені туралы актіні:
    _________________________________________________________________
    ______________________________________________________________________
    (компания өкілінің тегі, аты және әкесінің аты, қолы)
    _________________________________________________________________
    (бағалаушының тегі, аты және әкесінің аты, қолы)
    _________________________________________________________________
    (салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің, лауазымды тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты, қолы, қол қойған күні)
    борышкердің және (немесе) үшінші тұлғаның қатысуымен жасады.
    Борышкер және (немесе) үшінші тұлға болмаған немесе ол қол қоюдан бас тартқан жағдайларда, акт мемлекеттік кірістер органы өкілінің және куәгерлердің (актіге жеке куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі) қатысуымен жасалады:

    __________________________________________________________________ (куәгердің тегі, аты және әкесінің аты, қолы, қол қойған күні, жеке басын куәландыратын құжаттың түрі мен нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі және тұрғылықты жерінің мекенжайы, ол бар болса ұялы телефон №)

    __________________________________________________________________ (куәгердің тегі, аты және әкесінің аты, қолы, қол қойған күні, жеке басын куәландыратын құжаттың түрі мен нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі және тұрғылықты жерінің мекенжайы, ол бар болса ұялы телефон №)

    __________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының тегі, аты және әкесінің аты, қолы, қол қойған күні)

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 6 қазандағы

    № 578

    Бұйрыққа 2-қосымша

    Салық төлеуші және (немесе)

    үшінші тұлға кепілге қойған

    мүлікті, сондай-ақ салық

    төлеушінің (салық агентінің)

    билік етуі шектелген мүлкін –

    салық берешегі есебіне,

    төлеушінің – кедендік төлемдер,

    салықтар бойынша берешектің,

    арнайы, демпингке қарсы, өтем

    баждардың, өсімпұлдардың,

    пайыздың есебіне өткізу

    қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    Кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің нарықтық құнын белгілеу туралы қорытынды

    20__ жылғы «____» _________ № ___________________

    Осы қорытындыны

    _________________________________________________________________

    _________________________________________________________________

    (уәкілетті заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, заңды мекенжайы)

    Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне,төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешектің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өткізу қағидалардың 12-тармағына сәйкес

    _________________________________________________________________

    _________________________________________________________________

    мүлкіне қатысты

    (салықтөлеушінің (салық агентінің), төлеушінің атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты (ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) (тегі, аты және әкесінің аты), жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН/ЖСН), e-mail және банк деректемелері)

    салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы мемлекеттік кірістер органының 20___жылғы «___» ___________ № _________ қаулысына сәйкес жасады.

    Билік етуі шектелген мүліктің сипаттамасын көрсете отырып, оның атауы:

    _________________________________________________________________

    _________________________________________________________________

    _________________________________________________________________

    _________________________________________________________________

    _________________________________________________________________

    Билік етуі шектелген мүліктің нарықтық құны:

    ________________________________________

    _________________________________________________________________

    __________ теңге

    (цифрмен және жазбаша түрде)

    Қорытынды жасау үшін негіздеме:

    20__ жылғы «____» _________ № ____________ бағалау туралы есеп

    бірдей тауар

    біртекті тауар

    бірдей және (немесе) біртекті мүліктің сипаттамасын көрсете отырып, оның атауы:

    _________________________________________________________________

    _________________________________________________________________

    _________________________________________________________________

    _________________________________________________________________

    _________________________________________________________________

    _________________________________________________________________

    бірдей және (немесе) біртекті мүліктің нарықтық құны:

    _________________________________

    _________________________________________________________________

    __________теңге

    (цифрмен және жазбаша түрде)

    Қосымша: бірдей және (немесе) біртекті мүліктің фотосуреттері (саны)

    __________________________________________

    (уәкілетті заңды тұлға өкілінің тегі, аты және

    әкесінің аты, қолы)

    __________________________________________ Мөр орны

    (уәкілетті заңды тұлға басшысының (басшы

    орынбасарының) тегі, аты және әкесінің аты,

    қолы)

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 6 қазандағы

    № 578

    Бұйрыққа 3-қосымша

    Салық төлеуші және (немесе)

    үшінші тұлға кепілге қойған

    мүлікті, сондай-ақ салық

    төлеушінің (салық агентінің)

    билік етуі шектелген мүлкін –

    салық берешегі есебіне,

    төлеушінің – кедендік төлемдер,

    салықтар бойынша берешектің,

    арнайы, демпингке қарсы, өтем

    баждардың, өсімпұлдардың,

    пайыздың есебіне өткізу

    қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    Кепіл мүлікті және (немесе) билік етуі шектеулі мүлікті өткізуден бас тарту туралы хабарлама

    20__ жылғы «____» ________ № _______________

    Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешектің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өткізу қағидалардың 16-тармағына сәйкес

    _________________________________________________________________

    _________________________________________________________________

    (уәкілетті заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), заңды мекенжайы)

    _________________________________________________________________

    _________________________________________________________________

    (мемлекеттік кірістер органының атауы)

    _________________________________________________________________

    _________________________________________________________________

    (салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты (ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) (тегі, аты және әкесінің аты), жеке сәйкестендіру нөмірі немесе БСН)

    қатысты шығарылған 20__жылғы «___» __________ № ____ салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы мемлекеттік кірістер органының қаулысы және (немесе) кепіл мүлкі туралы шарт бойынша мынадай мүлікті өткізуден бас тартатыны туралы хабарлайды.

    Мүліктің атауы
    Саны
    Мүліктің орналасқан жері
    Мүліктің жиынтық құны, теңгемен
    Ескертпе
    тізімдеме актісіне сәйкес
    мүліктің құнын бағалау туралы қорытындыға немесе есепке сәйкес
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
     
     
    Қосымша (көрсетілсін):
    Кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің нарықтық құнын белгілеу туралы компанияның қорытындысы

    Бағалаушының кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің құнын бағалау туралы есебі

    Борышкер ұсынған кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің құнын бағалау туралы есебі

    20____жылғы «___» __________________ № ________________ құжат

    (кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің нарықтық құнын белгілеу туралы компания қорытындысының

    немесе кепіл мүліктің және (немесе) билік етуі шектеулі мүліктің құнын бағалау туралы есептің күні мен нөмірі)

    _________________________________________________________________

    (уәкілетті заңды тұлға қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты, қолы)

    _________________________________________________ Мөр орны

    (уәкілетті заңды тұлға басшысының (басшы орынбасарының)

    тегі, аты және әкесінің аты, қолы)

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 6 қазандағы

    № 578

    Бұйрыққа 4-қосымша

    Салық төлеуші және (немесе)

    үшінші тұлға кепілге қойған

    мүлікті, сондай-ақ салық

    төлеушінің (салық агентінің)

    билік етуі шектелген мүлкін –

    салық берешегі есебіне,

    төлеушінің – кедендік төлемдер,

    салықтар бойынша берешектің,

    арнайы, демпингке қарсы, өтем

    баждардың, өсімпұлдардың,

    пайыздың есебіне өткізу

    қағидаларына

    4-қосымша

    Нысан

    Электрондық аукционға қатысуға өтінім

    1. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің мүлкін – кеден төлемдері, салықтар бойынша берешегі, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өткізу туралы жарияланған хабарламаны қарап және Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешектің, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздың есебіне өткізу қағидаларымен танысып,

    _______________________________________________________________

    _______________________________________________________________

    (дара кәсіпкер үшін: тегі, аты, әкесінің аты (ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) (тегі, аты және әкесінің аты)), заңды тұлға үшін: атауы)

    _______________________________________________________________

    _________________

    тізілімнің веб-порталында 20__ жылғы «__» _________ сағат __ өткізілетін электрондық аукционға қатысуға ниет білдіреді.

    2. Мен (біз) электрондық аукционға қатысу үшін

    ________________________________

    _______________________________________________________________

    (есеп шоттың деректемелері көрсетіледі)

    ұйымдастырушының есеп шотына жалпы сомасы ___________ (___________) теңге (цифрмен) (жазумен)_____ кепілдік жарнаны енгіздім (енгіздік). (саны)

    Енгізілген кепілдік жарна(-лар) туралы мәлімет:

    Р/c №
    Кепілдік жарнаның мақсаты және электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна енгізілген мүліктің атауы
    Төлем құжатының №
    Төлем құжатының күні
    Кепілдік жарнаның сомасы, теңге
    1
    2
    3
    4
    5
    1
    2
    Жиыны
    3. Мен (біз):
    1) электрондық аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген мүлікті сатып алушыларға қойылатын ерекше шарттар мен (немесе) қосымша талаптарға сәйкес келмейтін жеке (заңды) тұлға;
    2) ұйымдастырушы;
    3) компания қатысушы ретінде тіркелуге жатпайтыны туралы хабардармын (хабардармыз).
    4. Қатысушыға қойылатын талаптарға менің (біздің) сәйкес келмегенім (келмегеніміз) анықталған жағдайда, мен (біз) электрондық аукционда қатысу құқығынан айырылатыныммен (айырылатынымызбен), нәтижесінде мен (біз) қол қойған сауда-саттық қорытындылары туралы хаттама және сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін (келісеміз).
    5. Егер мен (біз) сауда-саттық жеңімпазы болып танылған жағдайда, сауда қорытындылары туралы хаттамаға аукцион өткен күні ЭЦҚ қоюға, Қағидаларда белгіленген мерзімде сату құнын төлеуге және Қағидаларда белгіленген мерзімде сатып-алу сату шартына қол қоюға міндеттенемін (міндеттенеміз).
    6. Мынадай:
    1) сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға ЭЦҚ қоюдан бас тартқан;
    2) белгіленген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан;
    3) сатып алу-сату шарты бойынша мен (біз) міндеттемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған;
    4) менің (біздің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес келмегенім (келмегеніміз) анықталған;
    5) белгіленген мерзімде сату бағасын енгізу мерзімі бұзылған жағдайларда, мен (біз) енгізген кепілдік жарна сомасының қайтарылмайтынына және компанияда қалатынына келісемін (келісеміз).
    7. Осы өтінімнің сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен бірге сатып алу-сату шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарт күші бар.
    8. Өзім (із) туралы мынадай мәліметтер ұсынамын (ұсынамыз):
    Жеке тұлға немесе дара кәсіпкер үшін:
    Тегі, аты және әкесінің аты):
    __________________________________________________________________
    Жеке сәйкестендіру нөмірі ЖСН:
    ____________________________________________________
    Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлімет (нөмірі мен берілген күні):
    __________________________________________________________________
    Мекенжайы:
    _________________________________________________________________
    Телефон нөмірі (факс):
    ____________________________________________________________
    Банк деректемелері:
    ЖСК: ____________________________________________________________________
    БСК:_____________________________________________________________
    Банк атауы:_______________________________________________________________
    Кбе:____________________________________________________________________________
    Заңды тұлға үшін:
    Атауы: __________________________________________________________________
    Бизнес сәйкестендіру нөмір (БСН):__________________________________________________
    Басшысының тегі, аты және әкесінің аты: ____________________________________
    Мекенжайы: _________________________________________________________________
    Телефон нөмірі (факс): ____________________________________________________________
    Банк деректемелері:
    ЖСК: __________________________________________________________________
    БСК:_____________________________________________________________
    Банк атауы:_____________________________________________________________
    Кбе:____________________________________________________________
    _______________________________________________________________
    (қолы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы, басшысының тегі, аты, әкесінің аты)
    Мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталы 20__ жылғы «__» _________ сағат минутта қабылданды.
    Қатысушының аукциондық нөмірі __________________________________________________
    Ескерту: аббревиатураларға түсініктеме:
    ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба;
    ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
    БСК – банктің сәйкестендіру коды;
    Kбе – бенефициар коды.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.